Қазақстанда төртінші тоқсанда оқушылар қалай білім алады
Төртінші тоқсанда республиканың барлық өңірлерінде контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі.
Құжатқа сәйкес, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында республиканың барлық өңірлерінде контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етіледі.
Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етіледі.
Тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі.
Тәуекелі жоғары аймақта (қызыл аймақ) орналасқан өңірлерде жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі. Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі (сыныпта 15 адамнан асырмай, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау).
Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантинді жеңілдетуді енгізу кезеңінде жалпы білім беру беретін мектептердің жұмысына қойылатын талаптар.
Білім алушылар білім беру ұйымдарының ғимаратына кірген және шыққан кезде:
1) медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні (жанаспайтын термометрмен термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу) жүргізеді;
2) мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу "бір жақты қозғалыс" қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланады;
3) кезекте қашықтықты қамтамасыз ету үшін кіреберіс алдында асфальтқа таңба қойылады;
4) жалпы білім беру объектісінің үй-жайларында да, ғимаратында да қашықтықты сақтау үшін сигналдық белгілер қойылады;
5) оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер әр қабатта, әр сыныптың (аудитория, кабинет) жанында, санитариялық тораптарда және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарда орнатылады;
6) оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуы, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуы қамтамасыз етіледі.
Сабақ режимі және жұмыс орнын ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) сабақ кестесі оқытудың аралас форматын есепке ала отырып, білім беру ұйымының оқу жылына арналған жұмысшы оқу жоспарына сәйкес жасалады;
2) оқушыларға сабақ уақытында сыныптарда маска кимеуіне рұқсат етіледі;
3) кабинеттік жүйе болмайды;
4) үй-жайларды толтырудың жобалық қуаты сақталады;
5) дене шынықтыру сабақтарын жылы уақытта (атмосфералық ауа температурасы -18 °С аспайтын кезде) таза ауада ұйымдастыру немесе спорт залдарын үнемі желдету қамтамасыз етіледі.
Білім беру ұйымдарында мынадай эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі:
1) әр қабатта санитариялық бекеттердің жұмысы ұйымдастырылады, мектепке келген кезде (сабақ басталғанға дейін), үзілістерде, көшеде серуендегеннен кейін, санитариялық торапта болғаннан кейін және басқа да ластану жағдайларында оқушылардың қолдарын уақтылы жууын (сұйық сабынды пайдаланып қолды жуу) сыныптарда (топтарда) бақылау жүзеге асырылады;
2) медициналық кабинеттер мен изоляторлар қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, шпательдермен, маскалармен) қамтамасыз етіле отырып, жұмыс істейді (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырған адамдар анықталған жағдайда оқшаулау үшін);
3) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажеттілігі туралы апта сайын нұсқама жүргізіледі;
4) түшкіру және жөтелу кезінде пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды, сулықтарды жинау үшін арнайы орындар ұйымдастырылады;
5) санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жауапты адам тағайындалады (температураны жанаспайтын термометрмен өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама, термометрия жүргізу журналын жүргізу, жабдықтар мен мүкәммалды өңдеу, үй-жайларды жинау);
6) коронавирустық инфекциямен ауыратын науқаспен байланыста болған, ауырып сауыққан білім алушылардың білім беру ұйымына баруына дәрігердің білім беру ұйымында болу үшін медициналық қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы болған кезде жол беріледі;
7) сырқаттанушылық тіркелген кезде сыныпқа, топқа карантин белгіленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.