10.06.2022, 15:37 16191

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 9 жағдайы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 9 жағдайы анықталды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 10 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 9 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 837 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 8 маусымда коронавирус (КВИ -) белгілері бар пневмониямен ауырудың 5 жағдайы анықталды.
 
10 маусымға КВИ-ден 150 адам (103 КВИ+ және 47 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 31 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 119 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 5 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 2 пациент бар. 
 
2022 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 512 543 адам, 2-ші компонентпен - 9 290 457 адам вакцинацияланды. 4 645 597 адам ревакцинацияланды. 
 
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясы штамдарының айналымына мониторингті жалғастыруда.
 
Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 "Омикрон" штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "Стелс-Омикрон" – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды.
 
ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 "Стелс-Омикрон" штамының – 93,8% (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "Омикрон" штамының – 6,2% (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды.
 

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақтылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі бар (Пфайзер, Синофарм және КазВак), оның ішінде 2-уін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған", - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны