14.06.2022, 15:44 7501

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАУСЫМ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 7 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 305 874 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
14 маусымға КВИ-ден 153 адам (114 КВИ+ және 39 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
 
- стационарларда - 38 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 115 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 8 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 0 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 3 пациент бар. 
 
2022 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 515 066 адам, 2-ші компонентпен - 9 293 246 адам вакцинацияланды. 4 707 044 адам ревакцинацияланды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны