12.05.2023, 10:02 20461

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты жаңбыр жауады

Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түседі деп күтілуде", - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.


Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында 2 градус аяз күтіледі.

Қызылорда облысында, Солтүстікте, Түркістан облысының орталығында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Алматыда синоптиктердің болжауынша, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз ауа температурасы +27, +29 °C, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, найзағай кезінде секундына 13 метрге дейін жетеді.

Астанада көшпелі бұлт тұрып, ауа температурасы +20, +22 °C, жел жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. Шымкентте - найзағай ойнап, жаңбыр жауады, +30, +32 °C, жел жылдамдығы секундына 8-13 метр, найзағай кезінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны