05.09.2023, 18:09 15386

Қазақстанның үш өңірінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды

Бүгінде сыйымдылығы шағын үйлерде 80-ге жуық бала қызмет алуда
Қазақстанның үш өңірінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды
Сурет: gov.kz
Жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру аясында Қазақстанның үш өңірінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ашылды, деп хабарлайды Gov.kz.

Сыйымдылығы шағын үйлер құру ҚР Әлеуметтік кодексінде белгіленген әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін трансформациялау аясында көзделген. Жан басына шаққандағы қаржыландыру арқылы жеке секторды тарту арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтарын кезең-кезеңімен монополиясыздандыру жүзеге асырылатын болады. Сыйымдылығы шағын үйлерді мүгедектігі бар адамдар тұратын жерлерде, оның ішінде ауылдық жерлерде ашу жоспарлануда.

Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатыспақ, олар: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Бұған дейін хабарланғандай, 2023 жылдың 4 шілдесінде мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйдің алғашқысы Қарағандыда ашылды.

Биыл 29 тамызда Көкшетау және Шымкент қалаларында, ал осы жылдың 1 қыркүйегінде Астана қаласында сыйымдылығы шағын үйлер ашылды.

Мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қолжетімді. Олар әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық.

Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог және т.б. кабинеттер бар.

Бүгінде сыйымдылығы шағын үйлерде 80-ге жуық бала қызмет алуда.

Сыйымдылығы шағын үйлер жағдайында қызмет көрсету стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама болып табылады және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына жұмыс жасауына және отбасының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны