29.07.2021, 19:04 13214

Бекшин: COVID-19 төртінші толқынының шыңы тамыздың ортасына қарай күтіледі

Бекшиннің пікірінше, вакцинация пандемияның ең нашар сценарийлерін болдырмауға көмектеседі.
АЛМАТЫ. 29 ШІЛДЕ - Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус ауруы бойынша болжам айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматыда COVID-19-дың кезекті төртінші толқынының шыңы тамыз айының ортасында, ал қыркүйек айының басында төмендейді деп күтілуде. Тамыз айында 34,5 мың жағдай, қыркүйекте 4,5 мың жағдай болады деп болжануда. 7 күн ішінде "симптомдық" науқастардың үлес салмағының артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты, бұл COVID-19 айналымдағы қоздырғыштар арасында Дельта нұсқасының таралуында ең жоғарғы шегіне жақында жеткенін көрсетеді", - деді Бекшин.

 
Ол шілдедегі 27,5 мың жағдайдағы эпидемиологиялық ахуалдың реалисттік болжамы 2 мың жағдайға кем қатемен расталғанын атап өтті.
 
Сөз сөйлеу барысында спикер Дельта штаммының басқа штамдардан негізгі айырмашылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, аурудың 3-5 күнінде ауыр жағдай туындайды, бұрын аурудың ауырлығы 10-12 күнде болған. Сонымен қатар, Дельта штаммы асқазан-ішек жолдарының бұзылуымен, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі мен бүйректің ауыр зақымдалуымен сипатталады. Бұл жағдайда өкпенің зақымдануы басқа штамдармен жұқтырғанға қарағанда әлдеқайда кешірек болады.
 
Санитариялық дәрігер балалардың Үнді штаммына әсіресе сезімтал екенін тағы бір рет атап өтті. Мектеп жасындағы балалар арасында КВИ ауруы өткен жылмен салыстырғанда 22 есе өсті.
 
Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта республиканың бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы күтіліп отырғанын, ал Алматы қаласы үшін тиісті қаулы 30 шілде күні кешке жарияланатынын хабарлады. Бекшин атап өткендей, осы қаулының күші 2-16 тамыз аралығында қолданылады.
 
Бекшиннің пікірінше, вакцинация пандемияның ең нашар сценарийлерін болдырмауға көмектеседі, әсіресе Алматыда ағзаны ауыр аурудан қорғауға қабілетті вакциналардың тұтас желісі бар.
 

Соңғы аптада коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы нашарлай түсуде. Өткен аптада, алдыңғымен салыстырғанда, КВИ жағдайларының тіркелуі 1,4 есеге - 5 790 жағдайдан 8 393 жағдайға дейін өсті, тәуліктік өсім 1,5%-ды құрады. 23 шілдеден бастап КВИ-дің күнделікті тіркеуі 1 мыңнан асты және қазірдің өзінде 1 450 құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас тіркелді, ал жыл басынан бері - 76 603", - деп толықтырды санитариялық дәрігер.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны