10.05.2023, 12:42 10271

Беларусь бас бостандығынан айырылған екі адамды Қазақстанға берді  

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды
Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының екі азаматын беру туралы сұранысын қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, "К" есімді азамат Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін 5 жылға, "М" есімді азамат жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны және ұрлық жасағаны үшін 7 жыл 6 айға сотталған.


Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді.

Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны