23.12.2024, 16:50 2036

Биылғы желтоқсан айында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді

Осы жылдың желтоқсан айының басынан бастап еліміздің өңірлерінде 250-ден астам ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған миллионға жуық азамат қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Мұндай деректер вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, жәрмеңкелерді өткізу тұрғындар арасында жоғары сұранысқа ие болуда, әкелінетін өнім көлемі толығымен сатылып жатыр.

Ең көп картоп Қарағанды облысында сатылды - 110 тонна, Алматыда - 90 тонна, Шымкентте мерекелік демалыс күндері 45 тонна картоп сатылды", - деп атап өтті бірінші вице-министр.


Жәрмеңкелермен қатар өңірлердегі сауда сөрелеріне тұрақтандыру қорындағы көкөністер шығарылуда. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының айтуынша, 19 желтоқсан күнгі мәліметке сәйкес тұрақтандыру қорындағы 9,2 тонна картоп, 2,6 тонна сәбіз, 2,8 тонна пияз бен 2,1 тонна қырыққабат сатылды. Сондай-ақ кеңесте әр өңірдің қажеттілігін ескере отырып, алдағы мамыр айына дейін қорлардағы көкөністерді сату кестесі ұсынылды.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының орташа өсу индексі - 0,1%-ды, ал жыл басынан - 1,1%-ды құрады.

Жиын соңында Серік Жұманғарин жәрмеңкелерді белсенді ұйымдастыруды және мереке қарсаңында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында сауда заңнамасына миемлекеттік бақылауды күшейтуді тапсырды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны