24.05.2022, 16:30 24736

ҰБТ-ның бірінші аптасында 21 тәртіп бұзушы анықталды

Олардың нәтижелері жойылды.
ҰБТ-ның бірінші аптасында 21 тәртіп бұзушы анықталды
Сурет: instagram/bilim_jane_gylym
НҰР-СҰЛТАН. 24 МАМЫР - Өткен аптада тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 21 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Руслан Емелбаевтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
 
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлерді қайта бақылау барысында ерекше назарға түскен тестіленушіге тоқталды.
 

Тест тапсырушы қаңтар айында 72 балл, ал негізгі ҰБТ-да 130 балл жинаған. Нәтижесі бірден 58 балға өскен, сондықтан біз қосымша күшейтілген бақылауды өткізуді жөн көрдік. Бейнежазбаларды тексеру барысында талапкердің ҰБТ ережелерін бұзғандағы белгілі болды. Ол тестілеу барысында бейнекамера мен мини құлаққап қолданған", - деп жазды Емелбаев өзінің Instagram парақшасында.

 
Оның айтуынша, осыған жол берген қызметші тестілеуден шеттетілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шара қолданылатын болады.
 

Ал тест тапсырушының нәтижелері жойылды. Енді ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды. Достар, жүйені алдауға тырысудың қажеті жоқ. Жауапкершіліктен ешкім құтыла алмайды. Тағы да сіздерді академиялық адалдықты сақтауға шақырамын. Ал біз бақылауды одан әрі күшейтетін боламыз", - деп түйіндеді Руслан Емелбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны