30.08.2022, 13:47 14376

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19-дың 228 жаңа жағдайы тіркелді

Бір тәулік ішінде 645 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті.
НҰР-СҰЛТАН. 30 ТАМЫЗ - Қазақстанда өткен тәулікте ПТР-тестінің (КВИ+) оң нәтижесімен коронавирус ауруының 228 жаңа жағдайы тіркелді, пандемия басталғаннан бері барлығы - 1 388 249 жағдай, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Коронавирусты таратпау жөніндегі ВАК мәліметтері бойынша, жаңа жағдайлар анықталды: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 47, 
 
Алматы қаласында - 38, 
 
Шымкент қаласында - 3, 
 
Ақмола облысында - 35, 
 
Ақтөбе облысында - 0, 
 
Алматы облысында - 2, 
 
Жетісу облысында - 0, 
 
Атырау облысында - 2, 
 
ШҚО-да - 8, 
 
Абай облысында - 2, 
 
Жамбыл облысында - 3, 
 
БҚО-да - 10, 
 
Қарағанды облысында - 46, 
 
Ұлытау облысында - 5, 
 
Қостанай облысында - 0, 
 
Қызылорда облысында - 0, 
 
Маңғыстау облысында - 6, 
 
Павлодар облысында - 10, 
 
СҚО-да - 11, 
 
Түркістан облысында - 0.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 645 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті, пандемия басталғаннан бері барлығы 1 356 908 адам сауығып кетті.
 
30 тамызға КВИ-ден 18 004 адам (17 657 КВИ+ және 347 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 573 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 17 431 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 17 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 7 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 5 пациент бар. 
 
2022 жылғы 29 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 584 386 адам, 2-ші компонентпен - 9 368 116 адам вакцинацияланды.
 
Барлық өңірлер "жасыл" аймақта орналасқан. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны