18.01.2023, 14:49 38456

Депутат мектептердегі соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыруды ұсынады

Депутат мектептердегі соңғы қоңырауды басқа күнге ауыстыруды ұсынады
Сурет: Depositphotos
31 мамыр күні Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні атап өтіледі

Астана. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай мектептердегі соңғы қоңырауды 31 мамырдан 1 маусымға немесе 30 мамырға ауыстыруды сұрайды. Депутаттың айтуынша, 31 мамырда Қазақстанда ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Алаш арыстарының мұратын жалғастырып, аманатын ұрпақ санасына сіңіруге тиісті министрліктің 31 мамыр күнінің маңызына мән бермегені қандай өкінішті. Бүгінгі қоғамдағы әр адам өткеннен сабақ алып, атаулы күннің мәні мен маңызын терең сезінуі тиіс. Сондықтан мектептердегі соңғы қоңырау күнін 30 мамырға, не болмаса 1 маусымға ауыстыру керек", - деп атап өтті мәжілісмен өзінің депутаттық сауалында.


Ол, сондай-ақ, 31 мамыр күні адамдарды әлеуметтік желілердегі елдің бірлігіне, мәдениетіне нұқсан келтіретін теріс әдеттерден тиылуға шақырады. 31 мамыр күні депутат әр ата-ана отбасындағы тәлімді әңгімесін, ұстаз сабағын, дін өкілдері уағызын, министрліктер мен әкімдіктер, мемлекттік мекемелер жұмыс күнінің басын ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алумен бастағаны дұрыс деп санайды. Сондай-ақ депутат балабақшалар мен мектептерде, жоғарғы оқу орындарында балалар мен жастарға арнаулы дәрістер, пікірлесу сағаттарын, зиялы қауым өкілдерімен кездесу кештерін өткізуді ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны