13.07.2023, 19:24 25181

Екі жылда Алматыда жетім балаларға 400-ден астам пәтер беріледі

Ерболат Досаев жетім балалар үшін 2 мың пәтер сатып алуды жоспарлап отырғанын мәлім етті
 Алматыда 2023-2024 жылдар аралығында жетім балаларға 440 пәтер беріледі. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімімен кездесуде қала тұрғыны жетім балаларды баспанамен қамту мәселесі жайында сұрақ қойды.

Статистикаға сенсек, бес жыл ішінде жетім балаларға 246 пәтер берілген. Бұл мәселені шешудің қандай да бір жолы бар ма?" деп сұрады қала тұрғыны.


Ерболат Досаев жетім балалар үшін 2 мың пәтер сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты.

Иә, бізде тұрғын үй мәселесі бар. Тұрғын үйді пайдалануға беруде белгілі бір кідірістер болды. Биыл бюджетті қайта бөлу қарастырылып жатыр. Мәслихаттан сұрадым, олар мені қолдап, тұрғын үй салуға қосымша қаражат бөлді. Бірінші кезеңде биыл жетім балаларға 40 пәтер бөлінеді. Осыдан кейін 2 мың пәтер сатып алуды жоспарлап отырмын. Оның 20% 2023-2024 жылдар аралығында жетім балаларға беріледі", - деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны