13.05.2023, 11:27 18411

Еліміздегі сенбі күнгі ауа райы

Еліміздегі сенбі күнгі ауа райы
Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыздығы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміз бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста тұман түсіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
 .
Астанада: жаңбыр жауып, ауа температурасы +20, +22 °C, жел жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

 Алматыда: жаңбыр, найзағай, +24, +26 °C, желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді, екпіні секундына 13 метрді құрайды.

Шымкентте: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ауа температурасы +30, +32 °C, желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп күтілуде.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны