13.11.2023, 17:50 77841

Елордада люктер мен ашық құдықтарды ұрлау мәселесімен күресу жүргізілуде

Жұмыс жыл бойы жүйелі негізде жүргізіледі
Елордада люктер мен ашық құдықтарды ұрлау мәселесімен күресу жүргізілуде
Сурет: gov.kz
Елордада люктер мен ашық құдықтарды ұрлау мәселесімен күресу бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жыл басынан бері iKomek109 бірыңғай байланыс орталығына ашық құдықтар туралы келіп түскен өтініштер бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Сондай-ақ, ашық люктер қала бойынша жүйелі рейдтер кезінде анықталады. Қала тұрғындарын қорғау үшін люк қақпақтарының астына металл торлар орнатылады. Бұл ең алдымен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер маңына қойылады.

Қаланың шетінде, бос тұрған жерлерде құдықтар бетон тіректермен жабылған, оларды қажет болған жағдайда арнайы техниканың көмегімен жылжытуға болады.

Люк қақпақтарын ұрлауға оңай табысты ұнататындар қызығады. Себебі олар металл сынықтарын қабылдау пунктеріне өткізіп, ақша алуға болады. Сондықтан елордада осындай пунктерді аралап, металл қабылдауға рұқсат беретін құжаттар тексеріледі. Жұмыс жыл бойы жүйелі негізде жүргізіледі.

Құдықтар ашық күйде табылған жағдайда немесе люк жартылай ашық тұрса iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөмірі арқылы шұғыл хабарлау қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны