09.10.2024, 16:59 1766

Елордада жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді

Елордада жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді
Бүгін елордадағы № 34 Барлыбек Сырттанұлы атындағы мектепте спорт алаңының ашылуы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Қаланың шеткі бөлігінде орналасқан мектепте қазіргі сәтте 374 оқушы білім алып жатыр.

Байқоңыр ауданының әкімдігінің демеушілігімен 3 ай ішінде жаңа спорт алаңы салынды.

Іс-шараға Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Талғат Рахманберді, Астана қаласы әкімдігінің "Әдістемелік орталығы" басшысы, Білім басқармасының әдіскерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар, мектеп түлектері қатысты.

Мектеп оқушыларының білімді де, білекті де болғаны біз үшін өте маңызды. Спорт - денсаулық кепілі. Сондықтан біз әрқашан да білім мен спортты қатар алып жүруіміз керек", - деді мектеп директоры Мұрат Ахметов.


Ресми ашылудан кейін спорт алаңында мектеп оқушылары эстафеталық ойындар, асық ату, арқан тартыс, кермеге тартылу, футбол, шахмат бойынша өздерінің спорттық дағдыларын көрсетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны