27.07.2022, 16:59 13346

Есмағамбетова коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын айтты

Есмағамбетова коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын айтты
Сурет: unsplash.com
НҰР-СҰЛТАН. 27 ШІЛДЕ - Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Covid-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қыркүйекке дейінгі болжамын айтты.
 

Өздеріңіз білетіндей, біз ай сайын болжамды жаңартып отырамыз. Алдағы үш айда пессимистік сценарий бойынша тамыз айында бір тәулікте – төрт мыңға жуық адамнан, "реалистік сценарий" бойынша күніне – 2400 адамнан, оптимистік сценарий бойынша күніне 1000 адамнан коронавирус анықталуы мүмкін", – деді бас санитарлық дәрігер.

 
  • Пессимистік сценарий бойынша шілдеде тәулігіне орташа есеппен – 1250, тамызда – 4000 және қыркүйекте – 550 жағдай тіркелуі мүмкін.

  • "Реалистік сценарий" бойынша шілдеде күніне – 750 жағдайға дейін, тамызда – 2400 жағдайға дейін және қыркүйекте 350 жағдай тіркелуі мүмкін.

  • Оптимистік сценарий бойынша шілдеде орташа есеппен 470 жағдайдан аспайды, тамызда – 1000-ға дейін және қыркүйекте – күніне 350 жағдайға дейін.
 
Ақпарат көзі: informburo.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны