02.11.2022, 14:07 9536

ІІМ басшысы: Көптеген жылдар бойы адам саудасы мәселесімен ешкім кешенді түрде айналысқан жоқ

Марат Ахметжанов Астанада өткен форумда адам саудасына қарсы іс-шаралар тек зардаптармен күресу ғана, ал ресми статистиканың барлығы айсбергтің ұшы ғана екенін мойындады.
ІІМ басшысы: Көптеген жылдар бойы адам саудасы мәселесімен ешкім кешенді түрде айналысқан жоқ
Сурет: Depositphotos
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанада өткен форумда адам саудасына қарсы іс-шаралар тек зардаптармен күресу ғана, ал ресми статистиканың барлығы айсбергтің ұшы ғана екенін мойындады.
 
Марат Ахметжанов БҰҰ деректеріне сілтеме жасай отырып, әлемде адам саудасы құрбандарының 70 пайызы әйелдер мен жас қыздар екенін айтты. Ал әрбір үшіншісі – бала.
 

Өкінішке қарай, бұл мәселе Қазақстанға да қатысты. Елімізде жыл сайын осындай 100-ден астам қылмыс тіркеледі. Бұған дейін ол 300-ге жеткен. Биылғы жылдың төрт айында 30-ға жуық адам саудасы фактісі анықталды. Үш ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды", - деді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.

 
Бұл ретте ол бұ тек салдарға қарсы күрес екенін, ал барлық ресми статистика айсбергтің ұшы ғана екенін мойындау керек екенін айтты.
 

Ашығын айтқанда, көп жыл бойы ешкім бұл мәселемен кешенді айналысқан жоқ. Мұндай қылмыстарға ықпал ететін шынайы себептер мен жағдайларға талдау жүргізілген жоқ. Қазір бізде адам саудасының құрбаны туралы толық мәлімет жоқ. Неліктен олар құрбанға айналады? Олар тұзаққа қалай түседі? Неліктен олар одан шыға алмайды? Неге өз құқықтарын білмейді, неге полицияға бармайды?", - деп атап өтті ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы.

 
Оның айтуынша, бұл саланың жасырын болуы жағдайды қиындата түседі.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны