16.07.2023, 12:40 26156

Италиядағы болып жатқан ереуіл салдарынан жүздеген әуе рейсі тоқтатылды

Акция 250 мыңнан астам жолаушыға кесірін тигізді
Италия әуежайының жердегі қызметкерлерінің ереуілі жүздеген әуе рейсінің тоқтауына себеп болды. 250 мың жолаушы жолдан қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Сенбі күні Италияда әуежайдың жердегі қызметкерлері сегіз сағаттық ереуілге шығып, жүздеген әуе рейсі тоқтатылды. Осы саладағы жұмысшылардың мүддесін қорғайтын кәсіподақтар жалақы мөлшерлемесін реттейтін алты жыл бұрын мерзімі біткен ұжымдық шартты жаңартуды талап етіп отыр. Акция 250 мыңнан астам жолаушыға кесірін тигізді.

Ереуілдер Еуропаның басқа да бөліктерінде өтіп жатыр. Gatwick Лондон әуежайының қызметкерлері шілденің соңында – тамыздың басында екі ереуіл өткізеді, ал Бельгияда осы демалыста Ryanair әуе компаниясының ұшқыштары пандемия кезінде төмендеген жалақы салдарынан ереуілге шықпақшы. Шарлеруа әуежайында ондаған рейс тоқтатылды.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны