22.02.2023, 12:28 46746

Әкімдік Каспий теңізінің жағалауындағы 21 жер телімін заңсыз берген

Әкімдік Каспий теңізінің жағалауындағы 21 жер телімін заңсыз берген
Жер телімін мемлекетке қайтару үшін сотқа талап арыз берілді

Ақтау. 22 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті теңіз жағалауындағы жерлердің берілуіне мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, Каспий жағасындағы туризмді дамытуға арналған 21 жер телімі негізсіз берілгені анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

2021 жылы қалалық әкімдік тұрғынға "демалыс базасы құрылысын салуға арналған" игерілмеген 10 соток жер телімін кеңейту үшін іргелес жерден, қосымша тағы да көлемі 4,7 соток жер телімін 3 жылға жалға берген. Жер телімі осы күнге дейін игерілмеген және мемлекетке қайтару үшін сотқа талап арыз берілді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының м.у.а. Шамурайт Шаменов.


Сондай-ақ, тағы бір тұлға теңіз жағалауында қонақ үй құрылысын салуға арналған 1,5 гектар жерін кеңейту үшін әкімдіктен тағы да 1,4 гектар жер телімін жалға алған. Жерді жалға алған тұлға оны игерместен басқа адамға сатып жіберген. Қазіргі кезде жер игерілмегені үшін мемлекетке қайтару туралы сотқа талап арыз берілген.

Сондай-ақ, спикер жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг нәтижесінде кәсіпкерге негізсіз берілген 7 гектар жер телімі мемлекетке қайтарылғанын атап өтті. Алдағы уақытта ол жер телімі аукцион арқылы сатылымға шығатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда ауданы 16 гектардан асатын 23 жер учаскесі, оның ішінде "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері және бұрын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетіне тиесілі жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны