Әлемде жасанды интеллект қарқынды дамып келеді. Біз де осы технологияны мемлекеттік қызметтерге енгізудің қажеттілігін түсініп отырмыз. Жасанды интеллектіні азаматтар және бизнес салаларына енгізу еліміздің экономикалық көрсеткіштеріне елеулі әсер етеді. Экономика тиімдірек болады, еңбек өнімділігі артып, білім экономикасы дамиды", - деп түсіндірді спикер.
Біз проактивті қызметтерді енгізуді бастап кеттік. Бұл - азаматтар өздері тиісті мекемеге жүгінбей-ақ автоматты түрде көрсетілетін қызметтер. Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз әлеуметтік әмиянды енгіздік", - деп мәлімдеді министр.
Дегенмен, кейбір азаматтар қызметті қолдануда ыңғайсыздыққа тап болатынын байқадық. Олар қызметтерді қосымшадан іздеу, сілтемені көру сияқты процестерді қиынсынады. Оларға әлі де ХҚКО-ға барған жеңілдеу. Сондықтан бұл жерде жасанды интеллектті енгізу қажет деп санаймыз. Цифрландыру азаматтар өмірінің барлық саласын қамтығанымен, біз жасанды интеллект негізінде виртуалды көмекшілерді енгізу бойынша жұмысты бастадық. Біз жасанды интеллектті азаматтар үшін енгізудеміз. Енді бизнес те шеттеп қалмауы тиіс", - деді спикер.
Үкіметтің басым бағыты - отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша деректермен үлкен жұмыс жүргізілді. Бүгінде 40-тан астам деректер базасы біріктірілді, бұл базада кәсіпорынға қатысты 2 мыңнан астам көрсеткіш бар. Бұл деректер мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін пайдаланылуда. Біз деректер базалары мен дэшбордтарды жүктеп, талдамалық анықтамалар, әрекетке ұсыныстар мен көрсеткіштердің өсуіне немесе төмендеуіне әсер еткен факторларды аламыз", - деді ол.
Жасанды интеллектіні дамыту үшін бүгінде инновациялық экожүйе құрылып отыр. Астана Хаб базасында стартаптарды қолдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біз елімізде жасанды интеллектіні дамыту үшін Үкіметте 5 жылдық тұжырымдаманы қабылдадық. Аталған тұжырымдама бойынша бірнеше маңызды бағыт бар. Біріншісі, суперкомпьютерлік кластерді, суперкомпьютерлік инфроқұрылымды дайындау. Екіншісі, заңнамалық актілерді шығару. Үшіншісі, адами капиталды дамыту. Келесі жылы қарқынды түрде осы бағыттарды пысықтаймыз", - деп қорытындылады сөзін спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.