24.12.2024, 17:21 13776

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында министр қала тұрғындарын мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоның қабылдаған шаралары туралы хабардар етті.

Алматы қаласын газдандыру деңгейі 100 % құрайды, бүгінде 2 млн. жуық адам газбен қамтылған.

Алматы облысы мен Алматы қаласының электр станциялары ағымдағы жылы ішкі тұтыну көлемі 11,7 млрд. кВтсағ болатын 6,7 млрд. кВтсағ электр энергиясын өндірді.

АлЭС" АҚ станцияларының негізгі жабдықтарының орташа физикалық тозу деңгейі 73-пен 85% арасындағы деңгейді құрайды.


Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өңірлік электр желілік компаниясының өз активтерінде 8 528 км кабельдік және әуе электр беру желілері бар. Кәсіпорын теңгерімінде 2 748 кіші станция бар. Электр желілік шаруашылықтың физикалық тозуы 88,8 %-ды құрайды.


АлЭС" АҚ электр станцияларының күрделі жөндеулері бекітілген графикке сәйкес орындалып жатыр.


2024 жылы 1,8 млрд.теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.


2022-2023 жылдармен салыстырғанда негізгі жабдықтың апаттылығы төмендегені байқалады. Қаланың экологиялық мәселелерін шешу шеңберінде "АлЭС" АҚ ЖЭО-ны газға ауыстыру жобасы іске асырылуда.

Алматы ЖЭО-2-ні газға толық ауыстыруды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру зиянды заттар шығарындыларын ЖЭО-2 жылына 37,3-тен 2,7 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Өңірдегі газ тапшылығын жабу бойынша мәселелер пысықталуда.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ең жоғары кезеңдерде газды тұтыну сағатына 800 мың текше метрге дейінгі көрсеткішті құрайды, бұл оңтүстік өңірдегі газ құбырының қолданыстағы схемасы мен жай-күйі кезіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.

Алматы ЖЭО газдандыруды ескере отырып, өңір бойынша газ тұтынудың өсуі таяу болашақта сағатына 2 млн.м3 дейін күтіледі.

Алматы қ. ЖЭО газ көліктік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан-Қытай" және "Алматы-Байсерке-Талғар" магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 көпірін, "Алматы-Байсерке-Талғар" магистральдық газ құбырының 2-ші желісін, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін АГТС салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде.

Айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында", - деп түйіндеді министр.


Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны