28.12.2021, 18:53 13941

Мамин 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялауды тапсырды

Вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап 6 ай уақыт өткен азаматтар бұған дейін салынған вакцинаның түріне байланысты қайта вакцина алады.
Мамин 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялауды тапсырды
Сурет: Нұр-Сұлтан қаласының ІСБ
НҰР-СҰЛТАН. 28 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млн қазақстандықты ревакцинациялауды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Премьер-Министр тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырып, халықты жаппай ревакцинациялау қарқынын арттыруды тапсырды. 
 

Жаппай ревакцинациялау жұмыстарын күшейту қажет. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 млн адамды ревакцинациялау қажет", — деді А. Мамин.

 
Вакцинаның екінші компонентін алған сәттен бастап 6 ай уақыт өткен азаматтар бұған дейін салынған вакцинаның түріне байланысты қайта вакцина алады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
 
Сонымен қатар әлемде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Үкімет басшысы санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, оның ішінде үй-жайлар мен қоғамдық көліктерде маска тағу режимін, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтаудың қатаң міндеттілігіне ерекше назар аударды.
 
Бүгінгі таңда 9 млн-нан астам адам вакцинаның бірінші компонентін алды – бұл ересек адамдардың 80%-ға жуығы, 8,5 млн-ға жуық адам немесе ересек адамдардың 75%-ы екінші компонентін алды.
 
242 мың жасөспірім вакцинаның І компонентін алды, II компонентін – шамамен 90 мыңы. Ревакцинациядан 450 мың адам өтті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны