12.10.2022, 16:41 18401

Медеу саябағының жерлерін құрылыс салуға беру туралы ақпаратты прокуратура тексереді

Медеу саябағының жерлерін құрылыс салуға беру туралы ақпаратты прокуратура тексереді
Алматы. 12 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттары ұсынған ақпаратты тексеруді тапсырды.
 
Ол өзінің Twitter-дегі парақшасында Алматыдағы кей жерлерге қатысты заңсыздықтарды анықтап, тексеруді талап етті.
 

Алматының прокурорына депутат Азат Перуашевтің Медеу табиғи паркі аумағының бір бөлігін иеліктен шығарып жібергені туралы ақпаратын тез арада тексеруді тапсырдым. Егер ақпарат расталса, заңсыздық жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылады", - деп жазды Бас прокурор.

 
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс отырысында депутат Азат Перуашев белгілі заңгер Бақытжан Базарбектің мәліметіне сүйене отырып, Алматыдағы Медеу табиғи саябағының 20 пайызы тұрғын үй құрылысы үшін заңсыз берілгенін мәлімдеген еді.
 

Алматының бұрынғы басшылығы (Бақытжан Сағынтаев) былтыр Медеу мемлекеттік табиғат паркінің рекреациялық аймағынан шамамен 22,5 гектар аумақты шығарып тастаған. Бұл аумақта бірегей өсімдіктер мен жануарлар әлемі бар орман алқабы орналасқан", - деді депутат.

 
Ақпарат көзі: exk.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны