15.07.2023, 10:55 28911

Он жеті жастан асқан ер азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады

Жаңашылдық келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданысқа енеді
Он жеті жастан асқан ер азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады. Бұл туралы Цифрлық үкіметті қолдау орталығының координаторы Рүстем Ирбатыров мәлімдеді, деп хабарлайды 24 Хабар.

Бұрынғыдай тіркеу куәлігінің қажеті жоқ. Денсаулық министрлігі арқылы болашақ сарбаздың денсаулығы жайлы мәліметтер де жүйеге енгізіледі. Жаңашылдық келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.

Оның айтуынша, жас жігіттер әскери комиссариаттарға барып әуре болмайды. Сонымен қатар жаңа автоматтық жүйе бюджеттің 1 миллиард теңгеден астам қаражатын үнемдейді.

Автоматты жүйеде 17 жастан асқан азаматтар туралы барлық ақпарат болады. Яғни олардың отбасы, қай жерде жұмыс істейтіні мен медициналық картасын көруге мүмкіндік бар. Автоматтық жүйе, тіпті ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар немесе мүгедектігі бар ұлдар бойынша да ақпаратты қамтымақ. Әскери комиссариатты өтетін кезде сұралатын құжаттардың толыққанды топтамасы осы жүйеде болады", деп мәлім етті Цифрлық үкіметті қолдау орталығының координаторы Рүстем Ибатыров.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны