15.05.2023, 13:36 13426

Павлодар қаласының тұрғыны мас күйінде күшікті үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

Павлодар қаласының тұрғыны мас күйінде күшікті үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген
Павлодар қаласының тұрғыны мас күйінде күшікті үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген. Салдарынан үй жануары өліп қалды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жануарға қатыгездік көрсету фактісі 5 мамырда болған. "54 жастағы азамат Торайғыров көшесіндегі үйдің үшінші қабатының терезесінен күшікті лақтырып жіберген. Қазіргі уақытта ер адам мас болғандықтан, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Жануарларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды", - деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаментінен. Күшікті қатыгездікпен өлтіру туралы жазба әлеуметтік желіде жарияланған. Автордың айтуынша, тұрғын күшікті үйдің кіреберісінен үйге алып кіріп, сосын үшінші қабаттың терезесінен аулада отырған балалардың көзінше лақтырып жіберген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны