12.05.2023, 12:38 22246

Петропавлда бірнеше мас азамат жасөспірімдерді аяусыз соққыға жыққан

"Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды
16 жастағы үш жасөспірімді соққыға жығу фактісі бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

7 мамыр сағат 00:58-де Петропавл полициясына Интернациональная көшесінің бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Белгісіз адамдардың жанжал кезінде 16 жастағы үш жасөспірімге дене жарақатын салғаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркелді.

Бұзақылық әрекеттер жасады деген күдікпен 2003 жылы туған азамат ұсталды. Тергеу әрекеттері жүргізіп жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны