10.02.2022, 17:59 36076

ҚР 10 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 3 329 адам коронавирус жұқтырды

ҚР 10 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 3 329 адам коронавирус жұқтырды
Сурет: depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 10 АҚПАН - 2022 жылғы 9 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 283 171 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 329 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 305, 
 
Алматыда - 938, 
 
Шымкентте - 37, 
 
Ақмола облысында - 250, 
 
Ақтөбе облысында - 60, 
 
Алматы облысында - 221, 
 
Атырау облысында - 32, 
 
ШҚО-да - 157, 
 
Жамбыл облысында - 65, 
 
БҚО-да - 126, 
 
Қарағанды облысында - 310, 
 
Қостанай облысында - 250, 
 
Қызылорда облысында - 32, 
 
Маңғыстау облысында - 15, 
 
Павлодар облысында - 285, 
 
СҚО-да - 236, 
 
Түркістан облысында - 10.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 9 334 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 197 805 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
10 ақпанға КВИ-ден 73 160 адам (71 949 КВИ+ және 1 211 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 8 509 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 64 561 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 387 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 157 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 101 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 9 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 417 өлім жағдайы тіркелген. 8 ақпанда КВИ-ден 20 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 9 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 83 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 86 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 295, өлім - 5 299, сауыққандар - 80 785. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 9 ақпанда I компонентпен 9 270 790 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 844 300 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны