ҚР 10 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: Қазақстанда коронавирустың тәуліктік аурушаңдығы өсуде
Сурет: ks-region69.com
Қазақстанда өткен тәулікте 2 087 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтанда - 1 442,
Алматыда - 93,
Шымкентте - 123,
Ақмола облысында - 31,
Ақтөбе облысында - 19,
Алматы облысында - 28,
Атырау облысында - 42,
ШҚО-да - 16,
Жамбыл облысында - 35,
БҚО-да - 55,
Қарағанды облысында - 49,
Қостанай облысында - 19,
Қызылорда облысында - 35,
Маңғыстау облысында - 25,
Павлодар облысында - 35,
СҚО-да - 9,
Түркістан облысында - 31.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 514 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 964 166 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
10 қаңтарға КВИ-ден 22 064 адам (20 217 КВИ+ және 1 847 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 3 001 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 19 063 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 186 пациент,
- аса ауыр халде – 57 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 38 пациент бар.
Қазақстанда 2022 жылғы 9 қаңтарда I компонентпен 9 014 952 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 551 099 адам вакцинацияланды.
Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес,
"қызыл" аймақта - Нұр-Сұлтан қ.,
"сары" аймақта - Алматы қ., Шымкент қ., Атырау облысы,
"жасыл" аймақта - барлық қалған өңірлер.
Кеше ВАК-тың коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі отырысы барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елімізде короновирустық инфекция бойынша жағдай нашарлап бара жатқанын атап өтті.
Коронавирус инфекциясына қатысты жағдай нашарлап барады, жыл басынан бері КВИ+ 5 093 жағдайы және КВИ- 115 фактісі тіркелді. Соңғы тәулікте КВИ+ жұқтырудың 1 510 жағдайы анықталды", — деді министрдің м. а.
Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы жақында анықталған "Омикрон" коронавирус штаммының таралуына, мереке күндері халықтың ішкі миграциясының жоғары болуына, профилактика шараларын жеткілікті сақтамауына тікелей байланысты, деп түсіндірді Бүркітбаев.
Биылғы 6 қаңтар күні еліміздің өңірлерінен 2021 жылғы желтоқсанның үшінші онкүндігінде алынған, вирустың оң белгілері бар 96 үлгіні толық геномдық секвенирлеу жұмыстары аяқталды. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда 8 үлгіден (8,3%) вирустың "Омикрон" нұсқасы анықталды, оның 7-еуі Алматы қаласында және 1-еуі Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Сондай-ақ елімізде әлі де "Дельта" штаммы басым – 71%, ал 16%-ы "Дельта плюс", 4,7%-ында коронавирус штаммының басқа да нұсқалары анықталған", - деді министрдің міндетін атқарушы.
Баяндаманы тыңдаған Ералы Тоғжанов біздің басты міндетіміз эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу екенін атап өтті.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігіне 2 күн ішінде төсек-орын, дәрі-дәрмек, тұрақтандыру қорларының дайындығына және эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен жағдайда әр өңірдің денсаулық сақтау жүйесінің дайын болуына талдау жүргізу тапсырылды.
Отырыс қорытындысы бойынша вице-премьердің м. а. жергілікті атқарушы органдарға тұрақты негізде мына жұмыстарды орындауды тапсырды:
- Фильтр-кабинеттердің жұмысын күшейту, қажет болған жағдайда қосымша кабинеттерді ашу;
- ЖМКК ұйымдарына науқастар көп түскен жағдайда пациенттер ағынын реттеуді ерекше бақылауға алу;
- Қоңырау шалу орталықтарының жұмысын жандандыру;
- Ситуациялық орталықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- Мобильдік бригадалардың қажетті медициналық жабдықпен жарақтандырылуын қамтамасыз ету;
- Мобильді бригадалар резервін дайындау;
- Үйде емделіп жатқан науқастарды бақылау жұмысын күшейту;
- Қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді белсенді түрде қолдану;
- Пациенттерге диагноз қою мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес қарау.
Бұған қоса Денсаулық сақтау министрлігіне әр өңірдің эпидемиологиялық ахуалына тұрақты негізде мониторинг жасау, қажет болған жағдайда коронавирустың жаңа штаммымен күрес бойынша өңірлердің денсаулық сақтау жүйелерінің қызметін ұйымдастыру бойынша консультативтік, методологиялық және практикалық көмекпен қамтамасыз ету, "Атамекен" ҰКП, өңірлердің әкімдіктері және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, қажет болса карантиндік шараларды күшейту бойынша келісілген ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Отырысты қорытындылай келе, Е. Тоғжанов эпидемиологиялық жағдай болжамы халықтың вакциналаумен және ревакцинациямен қамтылу көлеміне тікелей байланысты болатынын, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктері бұл бағыттағы жұмысты күшейтуі тиіс екенін айтты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.