16.02.2022, 16:19 13241

ҚР 16 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 508 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 16 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус ауруының 1 508 жаңа жағдайы тіркелді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 16 АҚПАН - 2022 жылғы 15 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 293 901 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 508 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 112, 
 
Алматыда - 580, 
 
Шымкентте - 15, 
 
Ақмола облысында - 54, 
 
Ақтөбе облысында - 17, 
 
Алматы облысында - 84, 
 
Атырау облысында - 24, 
 
ШҚО-да - 75, 
 
Жамбыл облысында - 15, 
 
БҚО-да - 71, 
 
Қарағанды облысында - 124, 
 
Қостанай облысында - 87, 
 
Қызылорда облысында - 5, 
 
Маңғыстау облысында - 5, 
 
Павлодар облысында - 129, 
 
СҚО-да - 109, 
 
Түркістан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 5 394 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 236 236 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
16 ақпанға КВИ-ден 45 328 адам (44 171 КВИ+ және 1 157 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 6 191 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 39 137 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 308 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 133 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 101 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 15 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 494 өлім жағдайы тіркелген. 14 ақпанда КВИ-ден 7 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылғы 15 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 78 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды, 60 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 657, өлім - 5 313, сауыққандар - 81 187. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 15 ақпанда I компонентпен 9 315 067 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 894 995 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Алматы қ., Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны