17.02.2022, 16:32 24226

ҚР 17 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 29 адам қайтыс болды

ҚР 17 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 29 адам қайтыс болды
Сурет: pexels.com
НҰР-СҰЛТАН. 17 АҚПАН - 2022 жылғы 16 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 295 250 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 1 349 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 127; 
 
Алматы қаласында - 429; 
 
Шымкент қаласында - 8; 
 
Ақмола облысында - 56; 
 
Ақтөбе облысында - 36; 
 
Алматы облысында - 78; 
 
Атырау облысында - 11; 
 
ШҚО-да - 67; 
 
Жамбыл облысында - 35; 
 
БҚО-да - 31; 
 
Қарағанды облысында - 123; 
 
Қостанай облысында - 101;
 
Қызылорда облысында - 3; 
 
Маңғыстау облысында - 5; 
 
Павлодар облысында - 120; 
 
СҚО-да - 117;
 
Түркістан облысында - 2.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 4 326 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 240 562 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
17 ақпанға КВИ-ден 42 319 адам (41 169 КВИ+ және 1 150 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 5 684 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 36 635 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 299 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 126 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 97 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 16 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 519 өлім жағдайы тіркелген. 15 ақпанда КВИ-ден 25 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылғы 16 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 59 жағдайы тіркелді, 4 адам қайтыс болды, 62 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 716, өлім - 5 317, сауыққандар - 81 249. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 16 ақпанда I компонентпен 9 320 449 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 903 870 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Алматы қ., Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны