21.02.2022, 16:25 18711

ҚР 21 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 627 жаңа COVID-19 жағдайы

ҚР 21 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде 627 жаңа COVID-19 жағдайы
НҰР-СҰЛТАН. 21 АҚПАН - 2022 жылғы 20 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 299 083 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.

Қазақстанда өткен тәулікте 627 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 31; 

Алматы қаласында - 203; 

Шымкент қаласында - 2; 

Ақмола облысында - 30; 

Ақтөбе облысында - 9; 

Алматы облысында - 27; 

Атырау облысында - 11; 

ШҚО-да - 33; 

Жамбыл облысында - 10; 

БҚО-да - 14; 

Қарағанды облысында - 54; 

Қостанай облысында - 64; 

Қызылорда облысында - 3; 

Маңғыстау облысында - 4; 

Павлодар облысында - 57; 

СҚО-да - 72; 

Түркістан облысында - 3. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 2 400 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 254 041 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

21 ақпанға КВИ-ден 32 627 адам (31 499 КВИ+ және 1 128 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:

- стационарларда - 4 423 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 28 204 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 251 пациент,

- аса ауыр халде – 100 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 78 пациент бар. 

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 21 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 53 224 өлім жағдайы тіркелген. 

2022 жылғы 20 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 6 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды. 

Қазақстанда 2022 жылғы 20 ақпанда I компонентпен 9 348 441 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 932 551 адам вакцинацияланды. 

"Қызыл" аймақта: Алматы қ., Солтүстік Қазақстан облыстары. 

"Сары" аймақта: Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары. 

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны