ҚР 29 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды
Сурет: ашық көздерден
Қазақстанда өткен тәулікте 393 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 68,
Алматы қаласында - 52,
Шымкент қаласында - 14,
Ақмола облысында - 36,
Ақтөбе облысында - 0,
Алматы облысында - 14,
Атырау облысында - 10,
ШҚО-да - 27,
Жамбыл облысында - 4,
БҚО-да - 9,
Қарағанды облысында - 56,
Қостанай облысында - 26,
Қызылорда облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 5,
Павлодар облысында - 38,
СҚО-да - 31,
Түркістан облысында - 2.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 718 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 958 995 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
29 желтоқсанға КВИ-ден 16 977 адам (14 954 КВИ+ және 2 023 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 2 524 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 14 453 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 221 пациент,
- аса ауыр халде – 67 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 41 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 28 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 12 997 өлім тіркелді. 27 желтоқсанда КВИ-ден 11 адам қайтыс болды.
2021 жылдың 27 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 72 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 119 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 84 089, өлім – 5 213, сауыққандар – 76 852.
Қазақстанда 2021 жылғы 28 желтоқсанда I компонентпен 8 965 031 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 488 453 адам вакцинацияланды.
Pfizer вакцинасының I-ші дозасымен: 252 758 жасөспірім, 17 963 жүкті әйел, 43 870 бала емізетін әйел егілді. ІІ-ші дозасын 95 800 жасөспірім, 6 357 жүкті әйел, 16 261 бала емізетін әйел алды.
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.