ҚР 30 желтоқсанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулік ішінде COVID-19 ауруының 440 жаңа жағдайы анықталды
Сурет: inform.kz
Қазақстанда өткен тәулікте 440 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 85,
Алматы қаласында - 62,
Шымкент қаласында - 11,
Ақмола облысында - 34,
Ақтөбе облысында - 3,
Алматы облысында - 10,
Атырау облысында - 18,
ШҚО-да - 14,
Жамбыл облысында - 6,
БҚО-да - 11,
Қарағанды облысында - 58,
Қостанай облысында - 33,
Қызылорда облысында - 4,
Маңғыстау облысында - 0,
Павлодар облысында - 44,
СҚО-да - 41,
Түркістан облысында - 6.
Қазақстанда бір тәулік ішінде 640 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 959 635 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК.
30 желтоқсанға КВИ-ден 16 736 адам (14 746 КВИ+ және 1 990 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде:
- стационарларда 2 418 пациент бар;
- амбулаториялық деңгейде - 14 318 пациент.
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде:
- ауыр халде – 217 пациент,
- аса ауыр халде – 69 пациент,
- ӨЖЖ аппаратында – 43 пациент бар.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың 13 наурызынан 2021 жылдың 29 желтоқсанына дейін ПТР оң тестімен коронавирустан 13 005 өлім тіркелді. 28 желтоқсанда КВИ-ден 8 адам қайтыс болды.
2021 жылдың 28 желтоқсанында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 40 жағдайы тіркелді, 73 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы тіркелді: ауру – 84 129, өлім – 5 214, сауыққандар – 76 925.
Қазақстанда 2021 жылғы 29 желтоқсанда I компонентпен 8 976 006 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 502 383 адам вакцинацияланды.
Pfizer вакцинасының I-ші дозасымен: 265 373 жасөспірім, 18 821 жүкті әйел, 45 910 бала емізетін әйел егілді. ІІ-ші дозасын 104 428 жасөспірім, 6 939 жүкті әйел, 17 637 бала емізетін әйел алды.
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Солтүстік Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.