31.01.2022, 14:41 19661

ҚР 31 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 жұқтырғандар саны азайды

ҚР 31 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 жұқтырғандар саны азайды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 31 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 30 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 233 488 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 491 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 1 194, 
 
Алматыда - 1 556, 
 
Шымкентте - 26, 
 
Ақмола облысында - 715, 
 
Ақтөбе облысында - 78, 
 
Алматы облысында - 305, 
 
Атырау облысында - 168, 
 
ШҚО-да - 189, 
 
Жамбыл облысында - 103, 
 
БҚО-да - 263, 
 
Қарағанды облысында - 954, 
 
Қостанай облысында - 586, 
 
Қызылорда облысында - 55, 
 
Маңғыстау облысында - 53, 
 
Павлодар облысында - 880, 
 
СҚО-да - 341, 
 
Түркістан облысында - 25.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 12 080 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 069 863 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
31 қаңтарға КВИ-ден 151 727 адам (150 383 КВИ+ және 1 344 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 571 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 141 156 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 406 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 164 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 88 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 30 қаңтарға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 242 өлім жағдайы тіркелген. 29 қаңтарда КВИ-ден 15 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 29 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы тіркелді, 2 адам қайтыс болды, 23 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 86 326, өлім - 5 266, сауыққандар - 79 716. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 30 қаңтарда I компонентпен 9 186 151 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 755 121 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда облысы. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны