03.02.2022, 17:09 18531

ҚР 3 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19-дың 7 656 жаңа жағдайы тіркелді

ҚР 3 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте COVID-19-дың 7 656 жаңа жағдайы тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. 3 АҚПАН - 2022 жылғы 2 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 253 759 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 7 656 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтанда - 907; 
 
Алматыда - 1 549; 
 
Шымкентте - 75; 
 
Ақмола облысында - 607; 
 
Ақтөбе облысында - 247; 
 
Алматы облысында - 358; 
 
Атырау облысында - 149; 
 
ШҚО-да - 310; 
 
Жамбыл облысында - 123; 
 
БҚО-да - 351; 
 
Қарағанды облысында - 1 201; 
 
Қостанай облысында - 503; 
 
Қызылорда облысында - 48; 
 
Маңғыстау облысында - 67; 
 
Павлодар облысында - 758; 
 
СҚО-да - 369; 
 
Түркістан облысында - 34.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 16 371 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 114 833 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
3 ақпанға КВИ-ден 126 829 адам (125 631 КВИ+ және 1 198 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 10 192 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 116 637 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 434 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 174 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 84 пациент бар. 
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 2 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 295 өлім жағдайы тіркелген. 1 ақпанда КВИ-ден 17 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 1 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 111 жағдайы тіркелді, 6 адам қайтыс болды, 134 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 86 651, өлім - 5 275, сауыққандар - 80 178. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 2 ақпанда I компонентпен 9 213 147 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 785 187 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда, Маңғыстау облыстары. 
 
"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны