07.03.2022, 17:00 19006

ҚР 7 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 науқастарының саны азаюда

ҚР 7 наурызға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 науқастарының саны азаюда
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 7 НАУРЫЗ - 2022 жылғы 6 наурыз 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 303 848 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 

Қазақстанда өткен тәулікте 141 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 

Нұр-Сұлтан қаласында - 9; 

Алматы қаласында - 5; 

Шымкент қаласында - 3; 

Ақмола облысында - 4; 

Ақтөбе облысында - 0; 

Алматы облысында - 4; 

Атырау облысында - 0; 

ШҚО-да - 10; 

Жамбыл облысында - 1; 

БҚО-да - 6; 

Қарағанды облысында - 6; 

Қостанай облысында - 11; 

Қызылорда облысында - 0; 

Маңғыстау облысында - 2; 

Павлодар облысында - 6; 

СҚО-да - 24; 

Түркістан облысында - 0. 

Қазақстанда бір тәулік ішінде 535 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 277 112 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 

7 наурызға КВИ-ден 14 199 адам (13 101 КВИ+ және 1 098 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 

- стационарларда - 1 449 пациент бар; 

- амбулаториялық деңгейде - 12 750 пациент. 

КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 

- ауыр халде – 114 пациент, 

- аса ауыр халде – 42 пациент, 

- ӨЖЖ аппаратында – 28 пациент бар. 

2022 жылдың 6 наурызында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның (КВИ -) 17 жағдайы тіркелді, адам қайтыс болған жоқ, 31 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 88 321, өлім - 5 344, сауыққандар - 81 879. 

2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 6 наурызға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 635 өлім жағдайы тіркелді. 5 наурызда 6 адам қайтыс болды. 

Қазақстанда 2022 жылғы 6 наурызға I компонентпен 9 408 338 адам вакцинацияланды, II компонентпен 9 036 763 адам вакцинацияланды

ҚР барлық өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Шымкент қ., Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанда, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары. 

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны