05.01.2022, 11:27 9646

ҚР 5 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 жұқтырғандар саны артты

ҚР 5 қаңтарға арналған эпидемиологиялық жағдай: COVID-19 жұқтырғандар саны артты
НҰР-СҰЛТАН. 5 ҚАҢТАР - 2022 жылғы 4 қаңтар 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 990 039 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 483 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: 
 
Нұр-Сұлтан қаласында - 76, 
 
Алматы қаласында - 93, 
 
Шымкент қаласында - 49, 
 
Ақмола облысында - 39, 
 
Ақтөбе облысында - 14, 
 
Алматы облысында - 12, 
 
Атырау облысында - 18, 
 
ШҚО-да - 16, 
 
Жамбыл облысында - 4, 
 
БҚО-да - 6, 
 
Қарағанды облысында - 46, 
 
Қостанай облысында - 13, 
 
Қызылорда облысында - 25, 
 
Маңғыстау облысында - 7, 
 
Павлодар облысында - 25, 
 
СҚО-да - 29, 
 
Түркістан облысында - 11.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 403 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 962 209 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
5 қаңтарға КВИ-ден 16 692 адам (14 787 КВИ+ және 1 905 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда 2 267 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 14 425 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 199 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 65 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 54 пациент бар. 
 
2022 жылдың 3 қаңтарында коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 11 жағдайы тіркелді, 1 адам қайтыс болды, 19 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 84 244, өлім - 5 224, сауыққандар - 77 115.
 
Қазақстанда 2022 жылғы 4 қаңтарда I компонентпен 9 005 548 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 536 373 адам вакцинацияланды. 
 
"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қ. 
 
"Жасыл" аймақта: Алматы қ., Шымкент қ., Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны