07.02.2022, 16:08 20731

ҚР 7 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 19 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

ҚР 7 ақпанға арналған эпидемиологиялық жағдай: бір тәулікте 19 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 7 АҚПАН - 2022 жылғы 6 ақпан 23.59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Қазақстанда коронавирустық инфекцияның 1 274 607 жағдайы расталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. 
 
Қазақстанда өткен тәулікте 3 653 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша:
 
Нұр-Сұлтанда - 366; 
 
Алматыда - 1 146; 
 
Шымкентте - 19; 
 
Ақмола облысында - 288; 
 
Ақтөбе облысында - 66; 
 
Алматы облысында - 195; 
 
Атырау облысында - 32; 
 
ШҚО-да - 109; 
 
Жамбыл облысында - 61; 
 
БҚО-да - 110; 
 
Қарағанды облысында - 295; 
 
Қостанай облысында - 298; 
 
Қызылорда облысында - 20; 
 
Маңғыстау облысында - 15; 
 
Павлодар облысында - 345; 
 
СҚО-да - 274; 
 
Түркістан облысында - 14.
 
Қазақстанда бір тәулік ішінде 9 927 адам коронавирустық инфекциядан сауығып кетті. Жалпы, елде CОVID-19-дан 1 166 908 адам жазылып кетті, деп хабарлайды CОVID-19 таратпау жөніндегі ВАК. 
 
7 ақпанға КВИ-ден 95 515 адам (94 327 КВИ+ және 1 188 КВИ -) ем алуды жалғастыруда, оның ішінде: 
 
- стационарларда - 9 897 пациент бар; 
 
- амбулаториялық деңгейде - 85 618 пациент. 
 
КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінде: 
 
- ауыр халде – 453 пациент, 
 
- аса ауыр халде – 155 пациент, 
 
- ӨЖЖ аппаратында – 96 пациент бар.
 
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, 2020 жылғы 13 наурыздан бастап 2022 жылғы 6 ақпанға дейін ҚР-да КВИ-ден 13 372 өлім жағдайы тіркелген. 5 ақпанда КВИ-ден 16 адам қайтыс болды. 
 
2022 жылдың 5 ақпанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 36 жағдайы тіркелді, 3 адам қайтыс болды, 43 адам сауығып кетті. 2020 жылғы 13 наурыздан бастап барлығы: ауру - 87 056, өлім - 5 285, сауыққандар - 80 580. 
 
Қазақстанда 2022 жылғы 6 ақпанда I компонентпен 9 242 765 адам вакцинацияланды, II компонентпен 8 811 370 адам вакцинацияланды. 
 
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қ., Алматы қ., Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 
 
"Сары" аймақта: Жамбыл облысы. 
 
"Жасыл" аймақта: Шымкент қ., Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны