27.07.2022, 16:43 14281

ҚР фермерлер қауымдастығының басшысы Тоқаевқа ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингін іске қосу туралы өтініш білдірді

Техниканың тозу деңгейі 80%-ға дейін жетеді.
ҚР фермерлер қауымдастығының басшысы Тоқаевқа ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингін іске қосу туралы өтініш білдірді
НҰР-СҰЛТАН. 27 ШІЛДЕ - "Атамекен" ҰКП АӨК комитетінің төрағасы - Қазақстан Фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизинг бағдарламасын іске қосу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қазақстан фермерлерінің атынан Сізге зор құрметімізді білдіреміз және 2022 жылғы 14 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы аясында айтылған отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен кредиттеу тетігін енгізу қажеттігі туралы тапсырмаңызды толығымен қолдаймыз", - делінген үндеу мәтінінде.

 
Елде егін жинау науқаны тамыз айының бірінші жартысында басталады, алайда өткен жылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында өзін жақсы көрсете білген ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің қолданыстағы бағдарламалары бойынша қаражаттың болмауына байланысты бүгінгі күні ауыл шаруашылығы техникасын жаппай жаңарту мүмкін емес. 
 
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректері бойынша ғана 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы паркі 147,7 мың трактор мен 38,1 мың комбайнды құрайды. Бұл ретте техниканың тозу деңгейі 80%-ға дейін жетеді.
 

Мәселенің маңыздылығын және егін жинау кезеңінің жақындап келе жатқандығына байланысты қысылтаяң мерзімдерді ескере отырып, Сіздің жәрдеміңізді, атап айтқанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ-на бастапқы жарнасыз, сыйақы мөлшерлемесі 3%-ға дейін, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен қаржыландыру көлемі 50 миллиард теңге болатын ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу бағдарламасын іске қосу туралы тиісті тапсырмалар беруді сұраймыз", - делінген үндеуде.

 
Аталмыш шарттармен отандық ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингтеу тетігін жедел іске қосу фермерлерге ағымдағы жылғы егін жинау науқанына қысқа мерзімде 1000 бірліктен астам трактор мен комбайн паркін жаңартуға мүмкіндік береді.
 

Ағымдағы жылғы күзге дейін жұмыс істейтін бағдарламаның болмауы сапалы өнімнің жоғалуы қаупіне және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады", - деп атап көрсетілген үндеуде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны