18.07.2023, 12:40 23641

Саунадағы балалар лагеріне бюджеттен 107,8 млн теңге бөлінген - депутат

Саунадағы балалар лагеріне бюджеттен 107,8 млн теңге бөлінген - депутат
Сурет: facebook/Инка Рокеровна
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұргүл Тау Ұзынағаш ауылындағы сауна ғимаратында орналасқан "Арман дала" балалар лагерін тексерді.

Депутаттың айтуынша, әлеуметтік желі қолданушылардан түскен ақпарат бойынша Ұзынағаш ауылындағы "Арман дала" лагеріне Respublica партиясы атынан Алматы қалалық мәслихат депутаттары Қайрат Бегалин және Жалынбек Жайнарбаймен бірге барып, жағдайымен танысқан. Жазғы лагерьде баланың демалуына жағдай жасалмаған, өрескел бұзушылықтар орын алғандығына куә болып, лагерь ыңғайластырылған бұрынғы сауна ғимаратында орналасқандығын мәлім етті.

Оның ақпараттарына сүйенсек, Қызмет көрсетуші "БелРичи" ЖШС. Мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес қызмет көрсету құны 107,8 млн. теңге. Жоспар бойынша 1150 бала демалыспен қамтылуы тиіс.

Мемлекеттік сатып алу процедулары қалай жүргізілгендігі төңірегінде мәселе туындауына байланысты менің тарапымнан ҚР Бас прокуратурасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне тексеру жүргізу жөнінде сауал жолданды. Оқу-ағарту министрлігінің ақпараты бойынша жақын арада балалар басқа демалыс лагерлеріне жіберіледі. Бұл мәселені өз бақылауыма алдым", дейді депутат.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны