11.03.2022, 17:46 36476

SCAT әуекомпаниясы Ресейге ұшатын рейстердің санын арттырады

Халықтың үлкен сұранысына байланысты SCAT әуетасымалдаушысы Ресей Федерациясына рейстер санын көбейтіп, осы бағытта жаңа маршруттарды іске қосады.
SCAT әуекомпаниясы Ресейге ұшатын рейстердің санын арттырады
НҰР-СҰЛТАН. 11 НАУРЫЗ - Халықтың үлкен сұранысына байланысты SCAT әуетасымалдаушысы Ресей Федерациясына рейстер санын көбейтіп, осы бағытта жаңа маршруттарды іске қосады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY SCAT әуекомпаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 
Бүгінгі таңда SCAT Мәскеуге Нұр-Сұлтан, Ақтау және Шымкенттен рейстер орындалуда. Сондай-ақ, Ақтаудан Грозный мен Махачкалаға рейстер орындалып жатыр.
 

Нұр-Сұлтан – Мәскеу рейсі енді бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. 15 наурыздан бастап компания Нұр-Сұлтаннан Ресей Федерациясының астанасына сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қосымша жиіліктерді іске қосады, кейіннен күнделікті рейстерді ұлғайтады. "Шымкент – Мәскеу" рейсі бүгін әр сәрсенбі сайын орындалады. 20-шы наурыздан бастап әуетасымалдаушы жексенбі күндері қосымша жиілікті іске қосады, ал сәуірде рейс санын аптасына 3 ретке дейін арттырады", - деп хабарлайды SCAT әуекомпаниясы.

 
 "Ақтау – Мәскеу" бүгін сенбі күндері орындалады, 16 наурыздан бастап SCAT әр сәрсенбі сайын қосымша жиілікті іске қосады.
 
Сонымен қатар, SCAT 15 наурыздан бастап "Алматы – Мәскеу" жаңа бағытын ашады. Аптасына 2 реттен күнделікті орындауға дейін жиіліктерді арттырады.
 
Қазіргі уақытта компания кестеде жаңа рейстерді енгізуді жүзеге асыруда. Билеттер жақын күндері сатылымға шығады және қалаңыздағы барлық интернет-ресурстар мен кассаларда қолжетімді болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Air Astana әуекомпаниясы сақтандыру өтелімінің тоқтатылуына байланысты Ресейге барлық рейстерді тоқтатады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны