18.01.2022, 18:00 34686

Қазақстан ревакцинация үшін Sinopharm, Pfizer және QazVac препараттарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр

Қаңтар айының соңына дейін Спутник Лайт вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілетін болады.
Қазақстан ревакцинация үшін Sinopharm, Pfizer және QazVac препараттарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 18 ҚАҢТАР - Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ревакцинация үшін Sinopharm, Pfizer және QazVac препараттарын қосымша сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министрдің айтуынша, қаңтар айының соңына дейін Спутник Лайт вакцинасының 150 мың дозасы жеткізілетін болады.
 
Ғиният республика бойынша ревакциналауға жататын халықты қамту 26,8% құрап отыр, 800 мыңнан астам адам егілгенін айтты. Бірінші жартыжылдықта 8 млн жуық адам қайта вакциналауға жатады.
 

Қазіргі уақытта халықтың барлық топтарын ревакциналау вакцинаның Синофарм және Казвак деген екі түрімен жүргізілуде, 60 жастан асқан адамдар, жүкті әйелдер мен медицина қызметкерлері үшін "Пфайзер" Комирнати вакцинасы қолданылуда", - деді министр.

 
Сонымен қатар, Ғиният бүгінгі күні вакцинаның 1-компонентін 9,5 млн астам адам алғанын, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 79,6%-ы қамтылғанын, екінші компонентімен 8,8 млн астам адам егілгенін, егілуге тиісті ересек тұрғындардың 75,8%-ы құрағанын айтты.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны