30.03.2021, 20:58 10099

Цой: коронавируспен сырқаттанушылықтың 56%-ы Алматы тұрғындарына тиесілі

НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі эпидемиологиялық жағдай, карантиндік шектеулерді қатаңдату және республикада жүргізіліп жатқан COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы баяндады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Соңғы 2 аптада Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы облыстарында науқас саны артып, КВИ жұқтырғандар 1,5 есе өсті (11 300-ден 17 633 жағдайға дейін)", - деді ҚР ДСМ басшысы брифинг барысында.

 
Министрдің айтуынша, жалпы науқастың 56% Алматы қаласында тұрады, қалада ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 500 жағдай тіркелді. 
 
Нұр-Сұлтан қаласында ақпанда тәулігіне 100 жағдай, наурызда тәулігіне 350 жағдайға жетті.
 
Сонымен қатар, Коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ақпараты бойынша, бүгінгі күні республика бойынша инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылуы 33%-ды, реанимациялық төсектердің - 20%-ды құрайды.
 
Сонымен қатар, 30 наурыздағы жағдай бойынша ауыр науқастардың саны 28 ақпанмен салыстырғанда 32% - ға артып, 440 адамды құрады.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1 445 жаңа жағдайы тіркелген, оның 545-і Алматыда болған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны