12.08.2021, 19:58 12450

Қытайлық Vero Cell препаратымен вакцинация қашан басталады

Тамыздың ортасында препаратпен вакциналау басталады деп күтіледі.
АЛМАТЫ. 12 ТАМЫЗ - Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қытайлық Sinopharm вакцинасы қала тұрғындары үшін қашан қолжетімді болатынын мәлім етті.
 

Жақында Қазақстанға Sinopharm фармацевтикалық кешені өндіретін Vero Cell вакцинасы жеткізілді. Қазіргі уақытта Vero Cell вакцинасы "СҚ-Фармация" қоймасында. Вакцина Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасына әлі түскен жоқ. Вакцина емханаларға түскен бойда, халыққа ақпарат беріледі. Тамыздың ортасында препаратпен вакциналау басталады деп күтіледі", - деп хабарлады басқармадан. 

 
Еске салайық, 10 тамыз күні Алматыға қытайлық Vero Сell вакцинасының бірінші партиясы жеткізілген болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны