11.05.2022, 16:18 13151

Жеткіліктілік шегі артқаннан кейін қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын пайдаланды

2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындады.
НҰР-СҰЛТАН. 11 МАМЫР - 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалануға 1 321 017 өтінішін орындады. 2022 жылдың сәуір айында барлығы 3276 өтініш орындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 трлн теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 млн теңге.
 
Орындалған өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,74%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,52%), Маңғыстау облысының (10,40%) тұрғындары тарапынан жолданған. 
 
Айта кетерлік жәйт, 2022 жылдың сәуір айында (01.04.22-30.04.22) жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге барлығы 3 276 өтініш орындалды. 
 
Қазіргі уақытта зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға өтініштерді қабылдайтын уәкілетті операторлар: "Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Банк Фридом Финанс Казахстан" АҚ болып табылады.
 
Айта кетейік, уәкілетті операторлардан салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 422,0 млрд теңгеден аса қаражат қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.
 
Сонымен қатар, БЖЗҚ емделуге берілген 295,9 млрд теңгеге 383 191 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 млн теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан ("Отбасы банкі" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ) 28,1 млрд теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің өтініші немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. 
 
2022 жылдың сәуір айында (01.04.22-30.04.22) жалпы сомасы 2,5 млрд.теңгеге 2 195 өтініш орындалды. 
 
2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша, инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) 8,7 млрд теңге аударылып, БЖЗҚ 5 869 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 млн теңге. 
 
Бұл ретте 2022 жылғы сәуірде (01.04.22-30.04.22) ИПБ-ға 0,2 млн теңге аудару жөнінде барлығы 2 өтініш берілді. 
 
Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт ИПБ-мен шарт жасасты. Айта кетейік, 8,7 млрд теңгенің 45,11% немесе 3,9 млрд теңгесі "Jusan Invest" АҚ, 28,46% немесе 2,5 млрд теңгесі "Halyk Global Markets" АҚ, 16,16% немесе 1,4 млрд теңгесі "BCC Invest" АҚ, 10,27% немесе 0,9 млрд теңгесі "Сентрас Секьюритиз" АҚ аударылды. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірден бастап зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жеткіліктілік шегі өзгерді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны