24.12.2024, 17:24 13511
2024 жылдың басынан бері 18 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Достарға айту
2024 жылы 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 146 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,4% - Қытайдан, 38,9% - Өзбекстаннан, 6% - Моңғолиядан, 5,8% - Түрікменстаннан, 2,7% - Ресейден және 1,3% басқа елдерден.
Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,4%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,5%-ы жоғары білімді, 25%-ы орта кәсіби білімді, 54,7%-ы жалпы орта білімді, және 2,8%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 961 қандас қоныс аударды.
Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады - бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге - бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.
Жыл басынан бері 2 624 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 794 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Сонымен қатар, ерікті қоныс аударудың тиімділігін арттыру мақсатында азаматтар мен қандастарды еңбек күші тапшы өңірлерге қоныс аударуға қатысатын жұмыс берушілерді қолдау бойынша институционалдық шаралар қабылданды. Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50%-ы немесе бір отбасына 4,28 млн теңгеге дейін мөлшерінде біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде енгізілді. Осы жылғы 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 2 449 адам сертификат алды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылда пилоттық режимде Қазақстан елшіліктері арқылы "бір терезе" қағидаты бойынша қандас мәртебесін беру тетігі іске асырылды. Пилоттық жоба шеңберінде елімізге бару, жұмыс орны, тұрғын үй беру мүмкіндіктері туралы мәселені шешуге және республика аумағына кірмей-ақ қандас мәртебесін алуға болады. Бүгінгі таңда этникалық қазақтардан жаңа форматта 22 666 өтініш қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.12.2024, 17:21 12601
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді
Достарға айту
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында министр қала тұрғындарын мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоның қабылдаған шаралары туралы хабардар етті.
Алматы қаласын газдандыру деңгейі 100 % құрайды, бүгінде 2 млн. жуық адам газбен қамтылған.
Алматы облысы мен Алматы қаласының электр станциялары ағымдағы жылы ішкі тұтыну көлемі 11,7 млрд. кВтсағ болатын 6,7 млрд. кВтсағ электр энергиясын өндірді.
АлЭС" АҚ станцияларының негізгі жабдықтарының орташа физикалық тозу деңгейі 73-пен 85% арасындағы деңгейді құрайды.
Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өңірлік электр желілік компаниясының өз активтерінде 8 528 км кабельдік және әуе электр беру желілері бар. Кәсіпорын теңгерімінде 2 748 кіші станция бар. Электр желілік шаруашылықтың физикалық тозуы 88,8 %-ды құрайды.
АлЭС" АҚ электр станцияларының күрделі жөндеулері бекітілген графикке сәйкес орындалып жатыр.
2024 жылы 1,8 млрд.теңге сомасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2022-2023 жылдармен салыстырғанда негізгі жабдықтың апаттылығы төмендегені байқалады. Қаланың экологиялық мәселелерін шешу шеңберінде "АлЭС" АҚ ЖЭО-ны газға ауыстыру жобасы іске асырылуда.
Алматы ЖЭО-2-ні газға толық ауыстыруды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жобаны іске асыру зиянды заттар шығарындыларын ЖЭО-2 жылына 37,3-тен 2,7 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", - деді министр.
Өңірдегі газ тапшылығын жабу бойынша мәселелер пысықталуда.
Бүгінгі таңда Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ең жоғары кезеңдерде газды тұтыну сағатына 800 мың текше метрге дейінгі көрсеткішті құрайды, бұл оңтүстік өңірдегі газ құбырының қолданыстағы схемасы мен жай-күйі кезіндегі ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Алматы ЖЭО газдандыруды ескере отырып, өңір бойынша газ тұтынудың өсуі таяу болашақта сағатына 2 млн.м3 дейін күтіледі.
Алматы қ. ЖЭО газ көліктік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан-Қытай" және "Алматы-Байсерке-Талғар" магистральдық газ құбырлары арасында TIP-04 көпірін, "Алматы-Байсерке-Талғар" магистральдық газ құбырының 2-ші желісін, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 үшін АГТС салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүргізілуде.
Айтылған барлық мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында", - деп түйіндеді министр.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 17:16 12946
Жасанды интеллектіні қолдану бойынша ашық әрі қауіпсіз жағдай жасау басты мақсат
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қоғамдық өмірдің барлық саласына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Цифрлық үкімет кеңсесінде Премьер-министрге отандық цифрлық шешімдерді іске асыру барысы көрсетілді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев "Әлеуметтік әмиян", "ОТӨ тізілімі", "Онлайн-нотариус" жобаларын, азаматтар өтініштерін жүйелеуге арналған e-Otinish платформасын және басқа да жобаларды таныстырды.
Олжас Бектенов экономиканы ынталандыру үшін цифрлық орта құрудың маңызды екенін баса айтты. Озық елдердің барлығы цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамытуға жаппай инвестиция салып, өз стратегияларын жасауда. Цифрлық технологиялар бізде қазірдің өзінде өнеркәсіп, экология, денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік және құқықтық қолдау, салық секторы мен бизнес-ортада белсенді қолданылып келеді.
Мемлекет басшысы мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрлық трансформация экономика мен қоғамдық өмірдегі өзгерістерге жәрдем беруге тиіс екенін атап өтті. Нейрондық желілер арқылы біз тәуекелдерді және төтенше жағдайларды болжап, олардың алдын аламыз. Сондай-ақ проактивті түрде әрекет етуге мүмкіндігіміз бар. Цифрлық трансформация кезінде жаңа цифрлық шешімдерді интеграциялау жұмысын жүргізуіміз керек. Бұл жұмыстардың барлығы Жасанды интеллектіні дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен Жасанды интеллект туралы жаңа заң аясында жалғасады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне өңір әкімдерімен бірге 2025 жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін жасанды интеллект құралдарына оқыту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстарын дайындауы керек.
Жасанды интеллектіні одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер қорының қолжетімділігі бойынша бірыңғай тәсілдер әзірлеуге ерекше назар аударылды. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ақпараттардың дер кезінде беріліп, өзекті әрі дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін деректерді жинау, сақтау және қорғау жұмыстарын регламенттеу тапсырылды.
Жасанды интеллектіні қолдану бойынша ашық әрі қауіпсіз жағдай жасау мақсатында оны пайдалануды реттейтін заңнамалық шаралар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау керек. Премьер-министр дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану арқылы қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік мәселесіне баса назар аударды.
Халықтың жасанды интеллект саласындағы жаңалықтардан хабардарлығының төмендігін ескере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қолданыстағы цифрлық шешімдерді одан әрі жетілдіру және оларды пайдалану туралы жұртшылықты ақпараттандыру міндеті қойылды.
Сонымен қатар Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізіп, іске асырып жатқан өндіріс орындар қолдаудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 17:09 13231
Студенттер Астанада сыйлықтар шығаратын шағын зауыт әзірледі
Достарға айту
ASTANA Polytechnic жоғары колледжінің студенттері Жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар өндіру желісін әзірледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Колледж студенттері мехатроника және мобильді робототехника сияқты бағыттарды зерттеу үстінде. Оқу кезінде студенттер тұрақты негізде өндірістік желілерді әзірлеумен айналысады.
Колледж базасында біз кез келген өндірісте жұмыс істей алатын мамандарды, яғни сүт бөтелкесін жасаудан бастап, көлік жасауға дейін мүмкіндігі болатын мамандарды оқытып шығарамыз. Студенттеріміз зауытта жұмыс істеуге дайындалып жүр. Алайда біз оқу орны болғандықтан, зауытты өзімізге орната алмаймыз, өйткені оның көлемі біздің колледж алаңынан 10 есе үлкен болуы мүмкін. Сондықтан біз өндіріс желілерінің нақты көшірмелерін кішірейтілген масштабта қолданамыз. Бұл оқу мақсаттары үшін пайдаланылатын нақты өндіріс", - деді Astana Polytechnic жоғары колледжі директорының Ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Самир Керімов.
Жаңа жыл қарсаңында төрт адамнан тұратын студенттер тобына мерекелік тақырыпта өндірістік желі құру - жаңа жылдық сыйлықтар шығару міндеті қойылды. Колледж оқушылары миниатюралық автоматтандырылған желіні жинап, жаңа жылдық кейіпкерлермен креативті бейне түсірді.
Шағын зауыт құру үшін бір апта қажет болды. Бұл қондырғыны өндіру үшін студенттерге электрика, механика, пневматика және бағдарламалау туралы білім қажет болды.
Айта кетейік, өндірістік желіні әзірлеп жатқан студенттер мехатроникадан WorldSkills чемпионатының республикалық кезеңінің жеңімпаздары болып саналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 16:50 13481
Президентке Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді
Достарға айту
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.
Мәулен Әшімбаев үшінші сессия басталғаннан бері Парламенттің 28 заң қабылдағанын, оның бесеуіне депутаттардың бастамашы болғанын жеткізді. Атап айтқанда, Президент жолдаулары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй саясатына, білім беру және балалар құқығын қорғауға, білім саласындағы жинақтау жүйесіне, биржа саудасы мен кәсіпкерлікке, сот жүйесін реформалау мен есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске қатысты заңдар қабылданған.
Қазір Парламентте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау, креативті индустрияны қолдау, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөніндегі заң жобалары қаралып жатыр. Бұл - сенаторлардың бастамасымен қолға алынған құжаттар.
Спикердің айтуынша, сессия басталғалы бері Сенатта 50-ге жуық іс-шара өткізілген, сенаторлар Үкіметке 67 депутаттық сауал жолдаған. Сонымен қатар парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту аясында 40-тан астам халықаралық кездесу ұйымдастырылған.
Мәулен Әшімбаев келесі жылы жоғары Палатада Бюджет, Құрылыс, Су, Салық кодекстері, "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңдар қаралатынын айтты. Сондай-ақ Жұмысшы мамандықтары жылына арналған парламенттік тыңдаулар өткізу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруды мониторингтеу жөніндегі Парламенттік комиссияның жұмысы туралы ақпарат берілді. Аталған комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған болатын.
Сенат төрағасы Президенттің өңірлерді одан әрі дамыту жөнінде жүктеген міндеттерін Палатаның басымдық беретін бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл ретте Сенат мәслихаттар депутаттарымен жұмысты жандандыра түскен.
Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне дайындық барысын баяндады. Аталған жиын 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.12.2024, 12:35 16891
Қазақстандықтар 2025 жылы СМС үшін қанша төлейді
Достарға айту
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді, деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының баспасөз қызметінен.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеу негізі ретінде ең төменгі жалақыны алатынын еске салды. 2025 жылы оның мөлшері сол күйінде қалады - 85 000 теңге. Демек, жарналар мөлшері де өзгермейді.
Жұмыс берушілер мен жұмысшылар үшін ставкалар да өзгеріссіз қалады - сәйкесінше 3% және 2%.
Тек біржолғы төлем мөлшері өзгереді - 21,5%-дан 23,8%-ға дейін, сондай-ақ жеңілдетілген категориядағы азаматтар үшін мемлекет тарапынан жарналар мөлшері өзгереді - орташа айлық жалақының 1,9%-ынан 2%-ына дейін, бұл көрсеткіш өткен екі жылдағы ағымдағы қаржы жылының орташа айлық жалақысынан есептеледі. Бұл мәліметті мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының орташа айлық жалақысы 364 295 теңгені құрады.
Осылайша, 2025 МӘМС төлемдерінің мөлшері келесідей болады:
· Жұмыс берушілердің жарналары - қызметкердің табысынан 3%;
· Жұмысшылардың жарналары - табыстың 2%-ы;
· Біржолғы төлем төлеушілер - жалақы қорынан 23,8%;
· Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары - табыстың 2%-ы;
· Жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын тұлғалардың жарналары - 5 950 теңге (АЕК-тің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы, сәйкес қаржы жылының республикалық бюджет заңымен бекітілген);
· Дербес төлеушілердің жарналары - 4 250 теңге (АЕК-тің 5%-ы);
· Мемлекет тарапынан МӘМС-ке төленетін жарналар - 7 285,9 теңге.
МӘМС жарналарын "Қазпошта" АҚ, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, сондай-ақ терминалдар арқылы төлеуге болады.
Еске салайық, МӘМС жүйесіндегі мәртебені келесі жолдармен тексеруге болады:
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты: msqory.kz
- Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
- Кейбір екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары
- egov.kz электронды үкімет сайтының "Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдер мен жарналар туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызметі арқылы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 17:05 35751
БҚО су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберіледі
Достарға айту
Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы лимандарға, көлдерге және су қоймаларына 500 млн текше метрге жуық су жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалы көктемде тасқын суын қабылдау үшін 14 су қоймасын орта есеппен 50%-ға босатты. Бүгінгі таңда мекеме иелігіндегі су қоймаларында 247 млн текше метрге жуық бос орын бар.
Филиал су тасқыны кезеңінде лимандарға, көлдерге және су қоймаларына шамамен 500 млн текше метр су жіберуді жоспарлап отыр.
Бүгінгі таңда барлық су қоймалары қысқы жұмыс кестесіне ауысты. Яғни, біз тасқын суын қабылдау үшін бос орындар дайындап жатырмыз. Мысалы, Шолақаңқаты су қоймасы 70%-ға, Шаған су қоймасы 60%, Сұлусай су қоймасы 65%, Емболатов су қоймасы 50%-ға босатылды. Су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін су қоймаларынан су жіберу жұмысы жалғасуда",- деді Батыс Қазақстан облысы бойынша "Қазсушар" филиалының директоры Рауан Хусаинов.
Сондай-ақ, су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Батыс Қазақстан филиалы инертті материалдар және жанар-жағармай қорын әзірлеп жатыр. Жалпы ұзындығы 73,6 шақырым болатын канал механикалық әдіспен тазартылып, 6 нысан қалпына келтірілді, 13 гидротехникалық құрылыста ағымдағы жөндеу жүргізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:53 36246
Алматыда Бибігүл Төлегенованың 95 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті
Достарға айту
Республика Сарайында опера және кино өнерінің тірі аңызы, халық артисі әрі ұстаз Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған концерт өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Биыл 95 жасқа толған әйгілі өнерпаз 75 жылын сахнаға арнап, Қазақстанның рухани өнерінің символына айналды.
Салтанатты кештің бағдарламасын Александр Беляков басқарған эстрадалық-симфониялық оркестр ашты. Олар Шәмші Қалдаяқовтың мәңгілік туындыларына негізделген увертюраны орындады. Оркестрдің әуенін танымал виолончелист Бақытжан Октябрь жалғастырып, қазақтың халық әні "Япурайды" тамаша орындап шықты.
Сондай-ақ, концертке "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театры мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары - Дамир Садуақасов, Дана Таласпекова, Әлихан Зейнулла, Жандарбек Еркінбаев, Балуан Беркенов, Зарина Алтынбаева, Олег Татамиров, Расул Жармағамбетов және Таир Тәжі қатысты. Олар Моцарт, Жорж Бизе, Джоаккино Россини және Александр Зацепиннің опералық туындыларынан үзінділер орындады. Сахнада "Салтанат" ансамблінің "Шашу" биі мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Латиф Хамидидің атақты "Бұлбұл" романсы да орындалды. Бұл шығарма арқылы Бибігүл Ахметқызы "қазақтың бұлбұлы" атанып, тек Қазақстанда емес, әлемнің көптеген елінде танылған болатын. Бұл жолы романсты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забирова орындады.
Концерттің соңында кештің басты кейіпкері - Бибігүл Ахметқызы сахнаға барлық қатысушымен бірге шықты. Ол Джузеппе Вердидің "Травиата" операсынан "Застольная" ариясын және көпшіліктің сүйікті әуеніне айналған "Көктем әнін" орындады.
Айта кетейік, бұған дейін, 16 желтоқсан - аңызға айналған опера әншісінің туған күнінде, Алматы әкімі Ерболат Досаев Бибігүл Төлегенованы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 95 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.12.2024, 16:47 29991
Тоқаев Қазақстанда АЭС салу жобасын жеделдетуді тапсырды
Достарға айту
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.
Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.12.2024, 12:35Қазақстандықтар 2025 жылы СМС үшін қанша төлейді 24.12.2024, 16:50 14611Президентке Сенаттың қазіргі қызметі мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді24.12.2024, 17:09 14361Студенттер Астанада сыйлықтар шығаратын шағын зауыт әзірледі24.12.2024, 17:16 14076Жасанды интеллектіні қолдану бойынша ашық әрі қауіпсіз жағдай жасау басты мақсат24.12.2024, 17:21 13731Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Алматы қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді
20.12.2024, 19:59 96331Жамбыл облысының 5 ауданына трансшекаралық өзендер арқылы суармалы су берілді20.12.2024, 19:44 94856Дубайда "Астана Опера" спектаклін 12 мың көрермен тамашалады20.12.2024, 19:42 84086Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті20.12.2024, 12:52 82091ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда20.12.2024, 17:06 77111Қазақстан Ұлттық Банкі доллар айырбастау туралы мәлімдеме жасады
12.12.2024, 17:30 111481Үкімет Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді12.12.2024, 17:23 110841Мемлекет басшысы "Талдықорған" индустриялық аймағына барды06.12.2024, 17:15 106451ІІМ көліктегі полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды13.12.2024, 19:00 102391Шығыс Қазақстан облысында қатерлі ісікті ерте анықтайтын эндоскопиялық диагностика орталығы ашылды13.12.2024, 18:50 102261Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері уақытша жабылады