11.02.2022, 19:08 53466
Қазақстан 30 елдің вакцинация паспортын таныды
Сурет: pexels.com
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей мен Қазақстан екпелерді тану тәртібін келіскен болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
01.04.2025, 13:13 2251
Қазақстанда ірі су қоймаларынан су жіберу жалғасуда
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің баспасөз қызметінен.
1 сәуір күнгі жағдай келесідей:
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 88,4 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 6,5 текше метр су жіберілуде.
Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 2 текше метрден су жіберілуде. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 70%-ға толы.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 510 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 500 текше метр су жіберілуде.
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр су жіберілуде.
Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 31 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 38 текше метр, Дөңгелек су қоймасынан секундына 9 текше метр және Пятимар су қоймасынан секундына 1 текше метрден су жіберілуде.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2,5 текше метр су жіберілуде.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 47,5 текше метр су жіберілуде.
Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберілуде. Қазір екі нысан да белсенді су жинауда, орта есеппен 70%-ға толды.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 450,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 699 текше метр су жіберілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 12:10 2466
Тоқаев Словения президентін Астанадағы АХҚО қызметімен таныстырды
Қазақстан мен Словения президенттері Астана халықаралық қаржы орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.
Президенттерге қаржы орталығының құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет берілді. АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұровтың айтуынша, бүгінгі таңда Қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі 14,4 миллиард долларға жетті. Оның ішінде 7,1 миллиард доллар - Astana International Exchange биржасындағы портфельдік инвестициялар, ал 7,3 миллиард доллар - АХҚО қатысушыларының инвестициялары. Қаржы орталығында әлемнің 80-нен астам елінен 3700-ге жуық компания тіркелген.
Мемлекеттер басшыларына прецеденттік құқық нормалары мен қағидаттарына негізделген Орталық Азиядағы алғашқы сот жүйесі - АХҚО Сотының, сондай-ақ Халықаралық төрелік орталығының жұмысы жөнінде баяндалды. Бұдан бөлек, АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) ерекшеліктері таныстырылды.
АХҚО-ға Словенияның ресми делегация мүшелерімен қатар осы елдің жетекші компанияларының басшылары да барды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 10:45 2671
Жеңістің 80 жылдығы: Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады
Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы жаңа мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болмақ, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов гарнизонға сапары барысында жаңа мұражайдың құрылысын тексерді. Қорғаныс ведомствосының басшысы Парламент депутаттарымен бірге алаңды, қару-жарақ пен жауынгерлік машиналардың құрамын қарап, техниканы бояу сапасын бағалап, жауапты тұлғаларға нұсқаулар берді.
Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова басқаратын Ұлттық әскери-патриоттық орталық пен Жауынгерлік даңқ мұражайының филиалы орналасқан Армия үйінде де қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың концерттік және мәрмәр залдары, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайы күрделі жөндеуден өтуде. Онда офицерлер клубы мен балаларға арналған әскери-патриоттық фильмдер түсіретін кинопавильон ашылады.
Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Бұл - тарихи сәулет ескерткіші. Сондықтан біз оның бастапқы келбетін қаламыз бен еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі ретінде сақтауға міндеттіміз", - деп атап өтті Руслан Жақсылықов.
Ғимаратты қайта қалпына келтірудегі басты ерекшеліктердің бірі ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайын ашу болмақ. Мұражай экспозициясын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі құрайды. Ең құнды экспонаттардың қатарында 1931 жылғы 152 мм гаубица бар.
Жауынгерлік техника мұражайының Армия үйі үшін маңызы зор болмақ. Ол Қалдаяқов көшесінің оң жағында орналасады. Ал сол жағында әкімдік күшімен алматылықтар мен қала қонақтарының демалуына арналған гүлзар салынатын болады. Біз бұл нысандардың барлығы Жеңістің 80 жылдығына орай ашылатынын мақтан тұтамыз", - деді Алуа Байқадамова.
Сонымен қатар Қалдаяқов көшесінде жастардың патриоттық тәрбиесіндегі заманауи тәсілдерді бейнелейтін жаңа барельеф орнатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.04.2025, 09:34 3101
Қазақстанда 70-тен астам микроқаржы ұйымдары лицензиясынан айырылды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын, оның ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (МҚЖҰ) реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен.
Бақылау нәтижелері бойынша және заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда Агенттік қадағалаудағы субъектілерге қатысты тиісті шаралар мен санкцияларды қолданады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Агенттік МҚЖҰ-ға 26 жоспарлы (тәуекел дәрежесін бағалау негізінде), 12 жоспардан тыс және 595 құжаттамалық тексеру жүргізді. Нәтижесінде жазбаша ұйғарым нысанында 97 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, 36 ескерту жасалды, жалпы сомасы 228 млн теңгеге 687 айыппұл салынды.
71 субъектінің микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуы тоқтатылды, оның ішінде 49 субъект ерікті негізде, 22 субъект мәжбүрлеп лицензиядан айырылды. 32 субъектінің лицензиясы 4 айға дейін тоқтатылды.
Сонымен қатар, бақылау және қадағалау барысында МҚЖҰ қызметінде заңнамада көзделмеген не олардың құқық қабілеттілігінен тыс операцияларды жүзеге асыру белгілері анықталған кезде Агенттік әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғай отырып, құзыреті шегінде бұзушыларға қатысты шаралар мен санкциялар қабылдайды. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде тиісті ақпарат қылмыстық қудалау органдарына мәселені одан әрі қарау үшін жіберіледі.
2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша микроқаржыландыру нарығында 910 субъект жұмыс істейді, оның ішінде 481 ломбард, 213 микроқаржы ұйымы, 216 кредиттік серіктестік.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2025, 17:52 14571
БҚО 4,7 мың гектардан астам қоғамдық жайылымдар мемлекеттік меншікке қайтарылды
Батыс Қазақстан облысында жер пайдалану саласындағы әділеттілік қалпына келтірілді. Батыс Қазақстан облысының ҚР АШМ ЖРБК жер ресурстарын басқару департаментінің жүргізген тексерісі нәтижесінде заңсыз берілген 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тексеру барысында Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімінің бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Сегіз ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің нормалары сақталмай, жер учаскелері заңсыз берілген. Бұл алқаптар - халықтың ортақ пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары. Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағына және "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдаланылуы тиіс.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқармамен бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, орындалды. Жерді мемлекет меншігіне қайтару қоғамдық жайылымдардың мәртебесін қалпына келтірді және жергілікті тұрғындарға ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау үшін өмірлік маңызды жерлерге қолжетімділікті қамтамасыз етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2025, 12:57 19946
Активтерді қайтару: Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді
Активтерді қайтару: Павлодар облысы ауылдарында медициналық нысандар салуға 228 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елімізге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Павлодар облысында медициналық нысандар салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 228 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
Қаражат Екібастұз, Ақсу қалалары ауылдық округіндегі, сондай-ақ Ертіс, Железин, Тереңкөл ауданындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталады.
Екібастұз ауылдық округінің Бәйет ауылында 1983 жылы пайдалануға берілген жалғыз ФАП орнына фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда. Ескі ғимарат жөндеуге жарамсыз деп танылды. Бүгінде елді мекенде 822 адам тұрады.
Ертіс ауданында дәрігерлік амбулатория ашылады. Нысан санитарлық талаптар мен нормаларға сай жабдықталады. Аудандағы медициналық пункт мыңнан астам тұрғанға қызмет көрсетеді.
Қолданыстағы денсаулық сақтау нысандарының шалғай орналасуына байланысты Мыңкөл, Ивановка және Құркөл ауылдары да жаңа медициналық нысандар салуды қажет ететін елді мекендер тізіміне енгізілген. Оларға ең жақын аудандық емхана 18 шақырымнан 115 шақырымға дейінгі қашықта орналасқан. Ауылдарда тұрғылықты жері бойынша медициналық қызмет көрсететін жаңа медициналық пункттер салынады.
Павлодар облысының елді мекендерінде 168 мыңнан астам тұрғын бар. Жаңа денсаулық сақтау нысандарын салу жұмыс істеп тұрған ұйымдарға түсетін жүктемені азайтып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.03.2025, 09:49 20486
Алматы әкімі президентке оның тапсырмаларының орындалуы туралы екі аптада бір рет баяндайтын болады
Алматы әкімі Ерболат Досаев екі аптада бір рет атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы тікелей президентке баяндайтын болады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" акциясын тұрақты әрі өз деңгейінде өткізудің, қаланы көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеудің, сондай-ақ алматылықтарды алаңдататын басқа да мәселелерді шешудің маңызын атап өтті.
Ерболат Досаевқа еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәдени хабы ретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылды.
Қала әкімі Президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.03.2025, 19:49 72531
Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды
Банкроттықтың қазақстандық моделі халықаралық сарапшылардың назарына ұсынылды, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы 28 наурызда Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің төрағалығымен "Парад Ассамблеясы" халықаралық дағдарысқа қарсы конгресінің өкілдерімен кездесу өткізілді.
Шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және "Қазақстандық оңалту және банкроттық рәсімдеріндегі басқарушылар одағы" Өзін-өзі реттейтін ұйымның өкілдері қатысты.
Кездесу барысында банкроттықтың қазақстандық моделі таныстырылып, халықаралық сарапшылардың оң бағасын алды. Басты жетістіктер арасынан мына реформалар атап өтілді:
-оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшісін дербес кәсіп ретінде анықтау;
-Қазақстанның банкроттық саласындағы халықаралық реттеушілер қауымдастығының мүшелігіне кіруі;
-банкроттық рәсімдерін цифрландыру, оның ішінде әкімші үшін жұмыс орнын құру;
-жеке тұлғалардың банкроттық институтын, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану мақсатында борышкер туралы ақпарат өңделетін 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың базаларымен интеграцияланған "Qoldau" ақпараттық жүйесін енгізу.
Кездесу, ағымдағы жылдың 16-18 қыркүйегінде Алматы қаласында жоспарланған "Дағдарысқа қарсы басқару - шекарасыз" атты ұранымен өтетін "Парад Ассамблеясы" халықаралық дағдарысқа қарсы конгресіне дайындықтың басты кезеңі болды.
Конгрес шеңберінде ТМД елдерінің банкроттық жөніндегі сарапшылары дағдарысқа қарсы реттеу саласындағы үздік тәжірибені талқылайды. Қазақстандық тарап бұл диалог алаңын озық халықаралық тәжірибені және банкроттық саласындағы ұлттық заңнаманы жетілдірудің маңызды мүмкіндігі ретінде қарастырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
01.04.2025, 09:34Қазақстанда 70-тен астам микроқаржы ұйымдары лицензиясынан айырылды 01.04.2025, 10:45 2551Жеңістің 80 жылдығы: Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады01.04.2025, 10:38 2471Семей қаласында құрбыларын соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты әкімшілік жаза тағайындады01.04.2025, 12:10 2321Тоқаев Словения президентін Астанадағы АХҚО қызметімен таныстырды01.04.2025, 11:03 2206"HAS" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 5 мыңнан астам салымшыны алдап соққан
27.03.2025, 16:34 91826Қазақстанда электр станцияларындағы жабдықтардың тозуы 56% жетеді27.03.2025, 16:32 86186ҚазАгроҚаржы лизингтің тағы бір жеңілдетілген бағдарламасын қайта іске қосты27.03.2025, 13:22 80341Су тасқынының мониторингі: министрлік су қоймаларынан су жіберуді жалғастыруда27.03.2025, 10:03 77801Қазақстанда қанша шетелдік еңбек қызметін жүзеге асырады28.03.2025, 09:47 74171Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды
07.03.2025, 16:20 138511Қазақстанда газ саласын дамытудың 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдау жоспарлануда06.03.2025, 17:04 135111Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді06.03.2025, 17:02 133471Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді20.03.2025, 17:49 121161Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 120056Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды