18.01.2021, 18:02 8155
Жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Осы орайда ІІМ тарапынан кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер әзірленіп, Парламенттің қарауына енгізілді. Биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап бұл өзгерістер заңды күшіне енді, деп жазады Polisia.kz.
Осылайша, балаларға қарсы жасалатын жыныстық сипаттағы қылмыстың барлық түрлеріне жауапкершілік қатаңдатылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыс жасағаны үшін санкциялар күшейтілді.
Мәселен, Қылмыстық кодекстің 120-бабы зорлау қылмысы бойынша айтар болсақ, қылмыстық топ құрамында әрекет жасағаны үшін жазаның төменгі шегі – 15 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруға көбейтілді.
Ата-анасының, өгей әкесінің, педагогтің осындай қылмысқа барғаны үшін санкция 17 жылдан 20 жылға дейін ұлғайтылды. Бұрын бұл норма бойынша санкция 12 жылдан 17 жылға дейін болды.
Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекеттер үшін жауапкершілік күшейтілді - 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру. Бұрын бұл норма бойынша санкция 17 жылдан 20 жылға дейін болды.
Мұндай өзгерістер ҚК 121, 122, 123, 124, 134, 144, 312-баптарына да енгізілді.
Бұл бастама кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттері мен қылмыстарды ауыздықтайды деген үміт бар.
Ақпарат көзі: Polisia.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
24.01.2025, 16:38 12171
Қазақстанда генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда
Достарға айту
Қазақстанда "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасы шеңберінде генерациялау объектілерін, жылу және электрмен жабдықтау желілерін кешенді жаңғырту жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бүгінгі таңда елдің электр желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 470 мың км құрайды, оның 27 мың км ұлттық маңызы бар.
Жоғары тозуды (70%-дан астам) назарға ала отырып, 77,5 мың км электр желілерін жаңғыртуға 2,7 трлн теңге тартылады, бұл тозу көрсеткішін 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, белгіленген электр қуатын ұлғайту және ел экономикасы мен халқын сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында 2029 жылға қарай 6 208 млрд.теңге сомасына 7,3 ГВт (29 жоба) қосымша генерациялау көздеріенгізілетін болады.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру электр станцияларының орташа тозуын 57%-дан 40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жылумен жабдықтау саласына 1622 км тозған желілерді ауыстыру және қайта жаңарту үшін жалпы сомасы 1 257 млрд.теңге инвестициялар тартылуда, бұл орташа тозуды 10%-ға төмендетеді және еліміздің 12 млн. астам азаматының өмір сүру сапасын жақсартады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 16:24 12446
Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.
Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономика дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.
Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесе бірқатар тапсырма берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 16:20 12846
Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті
Достарға айту
Елордалық "Мама ПРО" әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қоры ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жүздеген әйелге бизнесте алға ұмтылуына көмектесті. Астанада осындай қайсар аналардың қатысуымен арнайы форум өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қор Астана әкімдігінің қолдауымен құрылды. Жоба кәсіпкерлік жолын бастаған, бірақ қиындықтарға тап болып, ерекше баласы бар аналарға көмектесуге бағытталған. Ұйым бұл әйелдерге қысқа мерзімді курстарды ғана емес, сонымен қатар тереңдетілген оқыту бағдарламаларын, сондай-ақ бизнес жобаларын одан әрі дамыту үшін тәлімгерлік және коучинг сессияларын ұсына отырып, қолдау көрсетті.
Тренинг 12 айға созылып, жеке бизнес-жобаларын бастаған түлектер қаржылық және маркетингтік жоспарлауды, бизнес үшін ЖИ-ді жүзеге асыру жолдарын үйренді, сонымен қатар 3 жыл бойы стратегиялық жоспарлауды құрастыруды үйренді.
Жоба барысында Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ерекше балаларды тәрбиелеп отырған және қазірдің өзінде өз кәсібін дөңгелетіп жатқан 100-ден астам әйел оқытылды. Масштабтау, тапсырмалар беру және бизнес-процестерді оңтайландыру қажеттілігіне тап болған кәсіпкерлер оқу кезеңінде туындаған қиындықтарды жеңіп, өз бизнесін жаңа деңгейге көтере алды.
Форум ұйымдастырушыларының айтуынша, 2018 жылдан бері 143 курс өткізіліп, осы уақыт аралығында 3500-ден астам әйел осы ҮЕҰ-ның түрлі білім беру бағдарламаларына қатысып, білім алған.
Ерекше балалар үшін қор сиплинг-дәрістер өткізеді, оған олардың ағалары мен әпкелері де шақырылады.
Бұл форум ауқымды жобаның аяқталуындағы маңызды кезең болды. Қала әкімдігінің қолдауының арқасында көптеген әйел жұмыс тауып, "Еңбек мобильділігі орталығы" арқылы жұмысқа орналасты. Біздің қызметкерлер арасында оқуын тәмамдап, командамызда жұмыс істеу үшін қалған аналар бар, бұл бізді қатты қуантады", - деді қордың құрылтайшысы Әсия Тикеева.
Қордың білім беру жобаларына қатысушылардың бірі - Лейла Бехбудова. Ол балаларға арналған ойыншықтар тоқиды.
Мен өз жұмысымнан үлкен ләззат аламын. Ана ретінде мен үшін ең бастысы - ойыншықтардың қауіпсіз болуы. Мен оларды мақта жіптен жасаймын, ал ішін толтыру үшін холофибрді қолданамын. Тоқыған кезде бірден мықтап бекітуге тырысамын, сонда ештеңе кетпейді", - дейді Лейла Бехбудова.
Оқыту курстары басқа өңірлердің тұрғындары үшін де қолжетімді: "Мама ПРО" әлеуметтік осал әйелдерді қолдау және дамыту қорының өкілдігі Астанада ғана емес, Алматы, Шымкент, Қостанай және Өскемен қалаларында да жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 15:14 15391
Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Президентке компанияның былтыр атқарған қызметінің нәтижелері, қаржылық жағдайы, сондай-ақ дамудың перспективті бағыттары туралы есеп берілді. Әсел Жанасованың айтуынша, соңғы екі жылда "Қазпошта" таза табыс тауып, бюджетке 45 миллиард теңге көлемінде салық және баж алымдарын төледі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания Дүниежүзілік пошта одағының рейтингісі бойынша алғаш рет ең үздік 50 пошта операторының қатарына кіргені жөнінде баяндалды. Тасымал үдерісін оңтайландыру есебінен пошталық жөнелтілімдердің көлемі 26 пайызға өсті. Атап айтқанда, 20 миллион, соның ішінде 9 миллион халықаралық сәлемдеме жеткізілген.
Мемлекет басшысына HomePost жобасының жүзеге асырылу барысы таныстырылды. Аталған бастама аясында үй жанындағы дүкендер аумағында тапсырыстарды беруге арналған 180 пункт ашылды. Биыл олардың саны 1 мыңға жетеді. YTO Express компаниясымен ынтымақтастық шеңберінде пошталық инфрақұрылымды жаңғыртуға 50 миллион доллар көлемінде инвестиция тартылды.
Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Президентке қызмет сапасын жақсарту мақсатында енгізілетін инновация жайында айтты. Осы орайда Japan Post, Toshiba және Cainiao компанияларымен көлік және логистика салаларында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, халықаралық маркетплейстерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Keruen сервисі дамып келеді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақтөбе әуежайында мультимодальды қойма салу жоспарланып отырғаны жөнінде айтылды. Аумағы 15 мың шаршы метр болатын бұл нысан Түркияның S-Sistem компаниясымен серіктестік негізінде бой көтереді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы компанияның қаржылық жағдайын жақсарту, еліміздің ТМД-ға бағытталған көлік-логистика әлеуетін электронды сауда саласында дамыту және цифрлық шешімдер енгізу бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 15:11 15636
1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады
Достарға айту
1 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл ауыл шаруашылығының жай-күйін объективті әрі тұтас бағалауға және осы салада мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін сенімді деректер көзін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өткен жылы пилоттық ауылшаруашылығы санағы толыққанды санақ басталғанға дейін, ықтимал кедергілер мен проблемалық аймақтарды алдын-ала анықтау үшін жекелеген елді мекендерде тәжірибе ретінде сыналды. Үкіметте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Ұлттық статистика бюросының төрағасы Мақсат Тұрлыбаев пилоттық санақтың нәтижесі мен толыққанды санақ басталғанға дейін шешілуі тиіс міндеттер туралы хабарлады.
Былтыр пилоттық санақ 20 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіліп, 54 елді мекенді қамтыды. Сауалнамаға 32,4 мың үй шаруашылығы қатысты, олардың 27,1 мыңы сауалнамаға алынды, бұл жалпы санның 83,5%-ын құрады. Онлайн сауалнамаға 18,6 мың респондент, оның ішінде 13,3 мың ұйымдасқан шаруашылық және 5,3 мың үй шаруашылығы қатысты. Пилоттық жоба барлығы 45,7 мың респондентті қамтыды.
Үй шаруашылықтарының шамамен 2%-ы сауалнамаға қатысудан бас тартты. Сауалнамаға қатыспаған нысандардың 36%-ы қараусыз қалған үйлер немесе игерілмеген саяжайлар, ал 5%-ы адам тұруға арналмаған ғимараттар болып шықты", - деді Мақсат Тұрлыбаев.
Пилоттық санақ шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі ақпараттық жүйелерінен және ауыл шаруашылығы техникасы тіркелімінен әкімшілік деректер интеграцияланды, ауыл шаруашылығы құрылымдарына СМС-тарату жүргізілді.
Пилоттық ауыл шаруашылығы санағының оң нәтижесі ретінде әкімдіктердің санақты ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысуын, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің санаққа қатысуға жоғары дайындығын және халықтың онлайн-сауалнамаға қатысуының айтарлықтай деңгейін атап өткен жөн. Сонымен қатар қалалық және саяжай аймақтарында сауалнама жүргізудің қиындықтары, интервьюерлерді қажетті материалдармен және құралдармен жабдықтаудың жеткіліксіздігі және жалған ақпарат тарату мәселелері анықталды. Бұл қиындықтар алдын ала болжанды және қазір біз оларды шешу мақсатында жұмыс істеп жатырмыз, - деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.
Жиында қатысушылар респонденттердің бастапқы деректерін жинау және өңдеу, сауалнамалар жасау, интервьюерлерді жалдау, МО БКО арқылы ауылдық және кенттік округтер әкімдіктерінің ҰСБ ақпараттық жүйесіне және басқаға қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағына толыққанды дайындалу үшін қажетті тапсырмалар берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 15:05 15886
2024 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 16 млрд-тан астам теңге төленді
Достарға айту
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 85 203 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) 120 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 983 ардагер, 26 506 басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, 41 594 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккері бар. 2024 жылы ардагерлердің аталған санаттарына 16,7 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2025 жылы осы мақсаттарға 17 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
ҰОС ардагерлері - 16 АЕК (2025 жылы - 62 912 теңге);
жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде:
- ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар - 7,55 АЕК (2025 жылы - 27 875 теңге);
- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар - 6,19 АЕК (2025 жылы - 24 339 теңге);
басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар - 6,19 АЕК (2025 жылы - 24 339 теңге);
- Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер - 4,8 АЕК (2025 жылы - 18 874 теңге);
ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері - 2,13 АЕК (2025 жылы - 8 376 теңге).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.01.2025, 14:51 16641
Қазақстанда балаларды қорғау үшін қандай заңдар қабылданды
Достарға айту
Бүгінде елімізде 6,8 млн бала тұрады, бұл халықтың үштен бірін құрайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заң қабылданды және біздің кішкентай азаматтарымызды қорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы - ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды. Бүгінгі таңда 330-дан астам бала қажетті қолдау алуда.
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ҚР Заңындағы негізгі шаралардың бірі - балаларға қатысты құқық бұзушылықтар үшін жазаны қатаңдату және кәмелетке толмағандарға жәбір көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу болды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында балаларды қоғамдық көліктен түсіріп кетуге тыйым салынды.
2025 жылдан бастап мектептер мен колледждерде республикалық бірыңғай "111" байланыс орталығына жедел хабарласа алатын QR-кодтар енгізілді. Биылғы жылдың қаңтар айындағы мәлімет бойынша байланыс орталығына 17 400 бала жүгінген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қабылданған үшінші Заңында кәсіби қабылдаушы отбасыларды құру және жетім балаларға арналған жағдайларды жақсарту бойынша нормалар қарастырылған.
Бүгінгі таңда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 82%-ы қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша тағы 3 мыңнан астам бала жаңа отбасын тапты.
2025 жылдан бастап отбасылық орналастырудың жаңа түрі - кәсіби қабылдаушы отбасылар енгізілмек. Бұл бастама қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсетіп, оларға үй жағдайында қолайлы орта құру мақсатында жүзеге асырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.01.2025, 19:50 38721
Алматыда заңсыз салынған сауда нысандары жаппай бұзылуда
Достарға айту
Мемлекеттік қор жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (әрі қарай - СЕСН) жою және ретсіз саудамен күресу мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2025 жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында СЕСН жаппай бұзу жұмыстарын жоспарлап отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері кірді. Сонымен қатар қала прокуратурасы көше саудасының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.
Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде 500 жуық заңсыз орнатылған СЕСН бар. Олар бойынша ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулерді беру жұмыстары басталды. СЕСН-ның алғашқы 200-ден астам иесі жазбаша ескерту алды.
Мемлекеттік қор жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын (әрі қарай - СЕСН) жою және ретсіз саудамен күресу мақсатында Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы 2025 жылдың 27 қаңтары мен 17 ақпаны аралығында СЕСН жаппай бұзу жұмыстарын жоспарлап отыр.
Қаланың барлық ауданында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Олардың құрамына мемлекеттік органдардың, Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері және "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері кірді. Сонымен қатар қала прокуратурасы көше саудасының заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті.
Бұзу барысында инженерлік-коммуникациялық желілерден, электр қуатынан және сумен жабдықтау жүйелерінен ажырату көзделген. Полиция департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, сүру орнында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде қалада мемлекеттік қордың жерінде 500 жуық заңсыз орнатылған СЕСН бар. Олар бойынша ерікті түрде бұзу керектігі жайлы ескертулерді беру жұмыстары басталды. СЕСН-ның алғашқы 200-ден астам иесі жазбаша ескерту алды.
Еске сала кетейік, Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 тамыздағы №3/469 "Алматы қаласы аумағында стационарлық емес сауда нысандарын орналасу орнын анықтау және бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, қалада 157 СЕСН орналастыруға арналған 142 орын бекітілген. Стационарлық емес сауда нысандарында заңды негізде қызметін жалғастыруға ниет білдірген кәсіпкерлер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына 390 21 30 телефоны арқылы хабарласа алады.
Сонымен қатар, қалада ретсіз сауда деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мониторинг нәтижесінде қаланың 49 жерінде ретсіз сауданың жаппай шоғырланған орындары анықталды (ірі базарлар, саябақтар мен алаңдардың маңында), бұл жерлерде 1,2 мыңнан астам саудагер заңсыз орналасқан. Ретсіз саудаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабы ("Белгіленбеген орындарда сауда жасау") және 505-бабы ("Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу") бойынша әкімшілік шаралар қолданылады. 2024 жылы полициямен бірлескен рейдтер барысында 1,9 мыңнан астам ретсіз сауда субъектісіне әкімшілік жауапкершілік жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
24.01.2025, 14:51Қазақстанда балаларды қорғау үшін қандай заңдар қабылданды 24.01.2025, 15:05 161462024 жылы ардагерлерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы түрінде 16 млрд-тан астам теңге төленді24.01.2025, 15:11 158961 тамыздан бастап Қазақстанда ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады24.01.2025, 15:14 15651Қазпошта алғаш рет әлемнің ТОП-50 пошта операторларынң қатарына кірді24.01.2025, 16:20 13106Астанада жеке кәсібін ашқан ерекше баласы бар аналарға арналған форум өтті
22.01.2025, 16:36 60006Алматыда 2024 жылы 73,9 мың жұмыс орны құрылды22.01.2025, 16:35 595362025 жылы Алматыда 4 мың ШОБ жобасына 71 млрд теңге бөлінеді20.01.2025, 17:22 Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды54651Қазақстанның барлық мектептері мен колледждерінде "111" байланыс орталығының QR-кодтары іске қосылды20.01.2025, 16:44 50931Президент жаңа Әділет министріне бірқатар тапсырмалар берді20.01.2025, 16:34 50811Қазақстанның банктері мен ақша айырбастау екі жыл ішінде кассалар мен сейфтердің қауіпсіздік шарттарын күшейтуді міндеттеді
30.12.2024, 17:17 154181Алматыдағы қонақ үй бизнесінің дамуы: қорытынды мен болашақ31.12.2024, 18:33 148326Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық инвесторлар сатып алды31.12.2024, 18:31 147996Ақмола облысы бойынша "Қазсушар" филиалы Сілеті су қоймасының тозған механизмдерін ауыстыру жұмысын аяқтады31.12.2024, 18:20 147526Жамбыл облысында полиция бөлімінің заманауи ғимараты ашылды31.12.2024, 18:17 137421Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті