14.04.2021, 19:37 12127

Мәжіліс жер қатынастары мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады

Заң жобасы Сенатқа қарауға жіберілді.

НҰР-СҰЛТАН. 14 СӘУІР - Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Қазақстан Президентінің бастамасымен жер қатынастары мәселелері бойынша әзірленген заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасын қарау барысында депутаттар заң жобасын енгізу мақсатын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізді. Атап айтқанда, шетелдік азаматтар мен заңды тұлғалар, шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындар заңды тұлға қатысушыларының құрамына кірген жағдайда, сондай-ақ заңды тұлға қатысушысының Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде ауыл шаруашылығы жерлерін иеліктен шығару рәсімдері көзделген.

Заң жобасы Сенатқа қарауға жіберілді.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысы аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктер мен шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салуды тапсырды. 12 наурызда заң шығару бастамасы құқығын пайдалана отырып, Тоқаев Мәжіліске шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын жіберді. 7 сәуірде Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны