23.08.2021, 16:27 6143

Тоқаев Пусан қаласында Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы Жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы" 2021 жылғы 20 тамыздағы №642 Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын", - делінген құжатта.

 
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны